«Бекітемін» Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құмарова А. Б



бет28/30
Дата06.01.2023
өлшемі114,79 Kb.
#60491
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
anatomiyafiziologiya zhne patologiya

Проксимальды (латынша “proximalis” – “денеге жақын”) - денеге жақын орналасқан сүйектердің шеті немесе мүшелер деген ұғымды білдіреді.
Ретикулярлық формация (латынша “reticulum” – “торлы” “тор”, “formatio” – “түзіліс”, “түр-тұрпат”) – жұлында, сопақша мида, ортаңғы мида және ми көпірінде орналасқан біртұтас қызмет атқаратын жүйке құрылымдарының жиынтығы. Ол дененің қозғалыс әрекеттеріне бақылау жасайды.
Рецепторлар (латынша “receptor” – “қабылдау”, “қабылдаушы”, “сезуші”) сыртқы және ішкі орталардан келген тітіркендіргіштерді қабылдайтын жүйке клеткаларының арнайы сезгіш түзілістері. Олар жүйке жүйесінің белсенді қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. Рецепторлар жүйке талшықтарының ұштарын құрайды.
Сагиттальды (латынша “sagita” – “жебе”) дененің алдынан және артына қарай бөлетін жазықтық. Сагиттальды жазықтық денені екі симметриялы бөлікке бөледі.
Симфиз (грекше “syn” – “бірге”, “phis” – “қосылу”) – жартылай қозғалыс жасай отырып бірігу немесе қосылу деген ұғымды білдіреді. Мысалы, шат сүйектерінің бірімен-бірінің жанаса қосылуын атауға болады.
Синантроптар (латынша “Sina” – “Қытай”, “anthropos” - адам) қаңқа қалдықтары ғана сақталған архантроптардың (ежелгі адамдардың) топтары. Олардың қаңқа қалдықтары 1927-1937 жылдар аралығында Қытай жерінен табылған.
Синартроз (грекше “syn” – “бірігу”, “байланысу”, “arthros” - буын) – сүйектердің бір-бірімен тұтаса немесе жіктесе тығыз байланысы. Оны кейде қозғалмайтын байланыс деп атайды. Оған мысал ретінде көпшілік бассүйектерінің жіктесе байланысын айтуға болады.
Синдесмоз (грекше “syn” – “бірігу”, “байланысу”, “desmos”) синартроздық байланыстың дәнекер ұлпасы арқылы тұтаса байланысу түрі.
Синостоз (грекше “syn” – “бірігу”, “байланысу”, “osteon” - сүйек) синартроздық байланыстың сүйек ұлпасы арқылы тұтаса байланысу түрі.
Синхондроз (грекше “syn” – “бірігу”, “байланысу”, “chondros” – шеміршек) синартроздық байланыстың шеміршек ұлпасы арқылы тұтаса байланысу түрі.
Систола (грекше “systole” – “қысылу”, “жиырылу”) жүрек қуыстарындағы бұлшықеттердің (жүрекшелердегі немесе қарыншалардағы) жиырылуы. Бұл кезде жүрек қуыстарындағы қан көлемі азаяды.
Сколиоз (грекше “skolyos” – “иілу”, “қисаю”, “бұрылу”) – адамның омыртқа жотасының қалыпты жағдайдан ауытқып бір бүйіріне қарай қисаюы. Бұл аурудың бір белгісі болып саналады.
Таламус (грекше “thalamus” – “бөлме”) аралық мидың кейіннен пайда болған орталық бөлігі. Оның қалыптасуы тікелей алдыңғы ми қыртысы мен тығыз байланысты болады. Ол ортаңғы ми мен алдыңғы ми сыңарларының аралығында орналасқан. Ол алғаш рет сүйекті балықтарда пайда болады. Оны кейде көру төмпешіктері деп те атайды.
Тромбоциттер (грекше “thrombos” – “жентек”, “kytos” – клетка) омыртқалы жануарлар қанында кездесетін қан клеткаларының ерекше бір тобы. Олар жарақаттанған жердегі қанның ұюын қамтамасз етіп қорғаныштық қызмет атқарады.
Фасция (латынша “fascia” – “орама”, “белбеу”) омыртқалы жануарлардың ішкі мүшелері мен бұлшықеттерінің сыртын орап жататын дәнекер ұлпалы қабық. Ол тіректік және қоректік қызмет атқарады.
Филогенез (грекше “phylon” – “тайпа”, “genesis” – “шығу тегі”) тірі организмдердің жеке жүйелік топтарының (тип, класс, отряд, тұқымдас, туыс) тарихи даму кезеңі. Бұл терминді алғаш рет неміс ғалымы Э.Геккель 1866 жылы ғылымға енгізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет