«Бекітемін» Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құмарова А. Б



бет29/30
Дата06.01.2023
өлшемі114,79 Kb.
#60491
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
anatomiyafiziologiya zhne patologiya

Фронтальды жазықтық (фрацузша “phrontalis” - маңдай) маңдайға параллель жүргізілген жазықтық. Ол адам денесін құрсақ және арқа бөліктеріне бөледі.
Хоаналар (грекше “choanos” – “шұрық”) омыртқалы жануарлардың мұрын қуысы мен жұтқыншағын байланыстыратын ішкі танау тесіктері. Хоана алғаш рет қостынысты балықтарда пайда болып, ауыз қуысына ашылады.
Эндокард (грекше “endo” – “ішкі”, “kardia” - жүрек) – омыртқалы жануарлардың жүрек қуыстарын ішкі жағынан астарлап жататын жүректің ішкі қабаты.
Эндолимфа (грекше “endo” – “ішкі”, “lympha” – мөлдір сұйықтық) - ішкі құлақтағы ұлулы дене мен вестибулярлық аппараттағы (кіреберіс бөлім мен үш иірім өзекшелердегі) қуыстарда болатын тұтқыр сұйықтық. Ол дыбыс толқындарын өткізуге қатысады.
Энтодерма (грекше “endo” – “ішкі”, “derma” – “тері”) жануарлардың ұрығының даму кезінде пайда болатын ішкі ұрық жапырақшасы.
Эпидермис (гркше “ері” – “сыртқы”, “derma” – “тері”) омыртқалы жануарлар мен адамның терісінің эпителий ұлпаларынан түзілген сыртқы қабаты. Оның сыртқы мүйізді қабатындағы клеткалар тіршілігін жойған кезде қайызғақ түрінде түлеп, түсіп отырады. Омыртқасыздардың эпидермисі (гиподерма) бірқабатты, ал омыртқалы жануарлардың эпидерсмисі көпқабатты болып келеді.
Эпикард (гркше “ері” – “сыртқы”, “cardiа” – “жүрек”) омыртқалы жануарлар мен адамның жүрегінің сыртын тікелей қаптап тұратын эпителий ұлпаларынан түзілген жұқа қабаты.
Эпистрофей (ось) (грекше “epistrepho” – “бұрамын”) – кейбір омыртқалы жануарлар мен адамның омыртқа жотасының мойын бөліміндегі екінші мойын омыртқаның атауы. Оның денесінің алдыңғы (жоғарғы) жағында тіс тәрізді өскіні болады. Бұл омыртқаны қазақша біліктік омыртқа деп атайды. Эпистрофей мен атлант омыртқасы буын жасап байланысады.
Эпиталамус (гркше “ері” – “сыртқы”, “thalamus” – “бөлме”) аралық мидың төмпешік үсті бөлімі. Оның құрамына эпифиз бен жүгендік ядро кіреді. Ол лимбикалық жүйемен тығыз байланысқан.
Эритроциттер (грекше “erithros” – “қызыл”, “kytos” – клетка) кейбір жануарлар мен адам қанының құрамында болатын қан клеткаларының жеке тобы. Олар оттекті өкпеден ұлпаларға, ал көмірқышқыл газын ұлпалардан өкпеге тасымалдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет