Бекітемін: дтжо: Г. Аманжолқызы «31» мамыр 2023,ж. «Ұлттық тәрбие ұлт болашағы»



Дата02.06.2023
өлшемі8,56 Kb.
#98264
Байланысты:
31.05.2023ж «Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы»


Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
№30 жалпы орта білім беретін мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
 
 
Бекітемін:
ДТЖО: Г.Аманжолқызы
«31» мамыр 2023,ж.
«Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы»
Сынып жетекшісі: Алпамысқызы А.
Сыныбы: 5 «Е»
Ақтау - 2023жыл
Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, наша қорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып,
болдырмаудың негізгі жолы. 
Рухы асқақ, іргесі берік ел боламыз десек, ең бастысы ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз тиіс.
Бұл орайда ұлттық салт-дәстүрлерді үйрету сабақта және сыныптан тыс сабақтарда,тәрбие сағаттарында көрсету үрдіске айналып келеді . Еліміздің ертеңін сеніп тапсыратын отансүйгіш, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу үшін аянбай тер төгіп келеміз.
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» болғандықтан әдебиет сабағында оқушыларға тақпақтарды жалаң жаттатып, ертегілерді құр оқытып қана қоймай, оны оқушының санасына сіңіріп, мағынасына терең бойлатуға тырысамын.

Мақалды жалғастыр

Мақалды жалғастыр

  • Әдепті бала ата-анасын мақтатар,…………
  • Ана сүтін ақтамағанды ..........
  • Әке тұрып ұл сөйлегеннен без.........
  • Қарағайға қарап..............
  • Үйінде ұл-қызы бардың .............

.
Әдепті бала ата-анасын мақтатар, әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
Ана сүтін ақтамағанды , ещкім жақтамайды.
Әке тұрып ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без.
Қарағайға қарап тал өсер, қатарына қарап бала өсер.
Үйінде ұл-қызы бардың, көгінде сөнбес жұлдызы бар.
Бала тәрбиесінде ең алғашқы ұстаз – ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбие жоқ.
Отбасында әке – әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы болса, ана – өмірдің қайнар бастауы. Ана – ақылды тәлімгер. Ана бала бақытының бағбаны.
Әр ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы міндеттерінің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Болашақ қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу аға буынның қоғам алдындағы зор борышы.
Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйі, сыбызғы сырнайының үні, асқақтата салған әсем әні, ғашықтық жырлары, мақал-мәтел, шешендік сөздер,айтыс өлеңдерінің сан ғасыр бойы өз ұрпағын сегіз қырлы, бір сырлы, өнегелі де өнерлі адамгершілік ар-ожданы жоғары намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері осы ұлттың мінез-құлқын, қасиеттерін көрсетеді. Кейбір салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары сол халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезіне, сеніміне, ырымына қарай қалыптасып, келеді.
Жас ұрпақты Отанын, туған жерін сүйіп, оны қорғай білуге үйрету, оқушы бойында патриоттық сезім мен адамгершілік сананы қалыптастыру-егеменді мемлекетіміздің әр отбасы мен азаматтарының міндеті.
Ұлттық қадір-қасиет – ұлттық сана-сезімнің өзегі, адамгершіліктің бірегейі, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық сана­сының жемісі, кісілік қасиеттер жиынтығы. Қазақ халқы өз ұрпағын адамгершілікке, ізгілікке, инабатты­лыққа тәрбиелеуді ежелден-ақ өзінің басты мақсаты етіп қойған.
Халық өз ұрпағына қайырымды­лықты ес білгеннен үйретіп, тиісті талап қою, дағдыландыру арқылы оны тұрмыстық салтқа, адамгершілікке, дәстүрге енгізді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет