Қорытынды: Таза зат дегеніміз не? Қоспа дегеніміз не?
Білімді аралық бекіту.( түсіну)Оқулықтағы мәтінді оқу. Мәтіндегі ақпаратты зерттеу жұмысы бойынша жасаған қорытындыларымен (әңгімелерімен) салыстыру.
Ойлан : Қымыз таза зат па әлде қоспа ма? Тыңдалым: «Қымыздың пайдасы»
Шындығында, оның құрамында жылқы сүті, майлар, нәруыздар, қант, дәрумендер, минералды заттар бар.
«Заттар қандай болады?» Таза зат пен қоспа.
№
Заттың атауы
Таза зат
Қоспа
1
Балмұздақ
2
Көмір
3
Алтын
4
Су
Зертте. ( қолдану) Жұптық жұмыс
1-қатар (шегелер,ағаш ұнтағы, стақан, магниттер, араластыруға арналған қасық) 2-қатар ( стакан, су, құм, араластыруға арналған қасық) 3-қатар: ( стакан, су, тұз, араластыруға арналған қасық) Зерттеу жұмысын жүргізуге арналған нұсқаулық
• Ресурстарды зерделейді.
• Темір сынықтары мен ағаш ұнтағын араластырады.
• Құмды немесе топырақты стақандағы суға салады да, таяқшамен немесе қасықпен араластырады.
• Нәтижені тіркейді, аралық қорытынды жасайды.
• Темір сынықтарын ағаш жаңқаларының арасынан магниттің көмегімен бөліп алады.
• Құмды немесе топырақты тұндырады.
• Нәтижені тіркейді.
• Қорытынды жасайды.
Темір мен опилка қатты қоспаларға жатады. Темірді магнитпен тарту арқылы оңай бөліп алуға болады. Топырақ немесе құм сумен араласып, судың түсін өзгертеді. Оларды бір-бірінен бөліп алу үшін суды тұндырады немесе сүзеді. Тәжірибені орындау нәтижесінде оқушылар қоспаның құрамындағы кейбір заттарды бөліп алуға болатыны туралы қорытынды жасайды.