ТАҢЕРТЕҢГІ ЖАТТЫҒУЛАР
Қыркүйек айы (1-кешен – 1-15 жұлдызы)
1. Тізбекте қатарымен тұру және жүру. Аяқ үшымен жүру, қолды белге ұстау. 2. Жеңіл аяқ ұшымен жүгіру. 3. Жүру және звеноға бөлініп тұру.
4. Б.Қ. қолды белге ұстау, аяқ арасын алшақ ашып тұру, қолды жанға созу, жоғары көтеру, аяқ үшымен тұру, қолды жанда ұстау, б.қ. 7-8 рет қ.
5. Б.Қ. қолды желкеде саусақты айқастырып ұстап, аяқ арасын алшақ ашып тұру, кеудені оң жаққа бүру, қолды екі жанда ұстау, б.қ. келу, сол жақта қайталау 8 рет.
6. Б.қ. қолды төмен түсіріп, аяқ арасын алшақ ашып тұру, қолды жанға созу, оң аяққа еңкейіп, қолды аяқ ұшына тигізу, б.қ. келу, сол жақта қайталау.
7. Б.қ.өкшені қосып аяқ үшын ашып, қолды белге қойып тұру, Қолды алға созып отыру, тұру, б.қ. келу, 6-8 рет қ.
8. Б.қ.өкшені қосып аяқ ұшын ашып тұру, қолды төмен түсіріп тұру, оң аяқты жанға, қолды жанға ұстау, оң қолды төмен түсіру, сол қолды жоғары көтеру, екі қолды да жанға ұстау, оң аяқты қосып, б.қ. келу, сол жақта қайталау 8 рет.
9. Б.қ. аяқ ұшын ашып, өкшені қосып қолды белде ұстап тұру. Оң аяқты алға созып, аяқ ұшын қою жанға, артқа созу, б.қ- келу, сол жақта қайталау 6-8 рет.
10. Б.қ. өкшені қосып аяқ ұшын ашып тұру, қолды төмен түсіріп тұру, секіріп аяқ арасын ашу, қолды жанға ұстау секіріп аяқ арасын қосу, б.қ. келу, 6-8 рет. 11. Колоннада бір қатармен жүру.
ҚИМЫЛДЫ ОЙЫНДАР
Арқан тарту
Ойынға қажетті құрал: екі тұзақталып байланған ұзындығы 7-8 метр жіп немесе арқан.
Ойынның тәртібі: ойыншылар қарама-қарсы жаққа қарап жүрелеп отырады да, арқанның байланған ұшын мойнына салып, екі қолтықтың астынан өткізеді. Төрешінің белгісі бойынша әр ойыншы қарсыласын өз жағына қарай тартуға тырысады. Белгілі межеге қарсыласын кім бұрын тартып жеткізсе, сол ұтқан болады
Асық ойыны
Негізінен ер балаларға тән. Асық ойнау үшін керекті құралдың ең негізгісі – сақа. Әдетте оны үлкен оңқай асықтан шіге жағынан қорғасын құйып ауырлатып, тәйке жақ табанын, шіге жақ бетін тегістеп, оң қолға ұстап асық атуға ыңғайлап жасайды. Асық ойынын жаздыкүні тақыр жерге ойнайды. Бір-біріне қарсы екі бала не бірнеше бала екі топқа бөлініп ойнаулары мүмкін. Ойынның негізгі шарты бір-бірінен асық ұту. Асық ойынының үштабан және алты атар деп аталатын өте кең тараған түрлері болған. Үштабан ойнау үшін тақыр жерге көлденең сызық сызылады да, оған әр ойыншы бір-бірден арасын сиректеу етіп кеней тігеді. Содан соң ойнаушы балалардың барлығының сақаларын біреуі жиып иіреді. Кімнің сақасы шықса сол бірінші болып сақасын көннен алысырақ жерге иіреді. Сақасымен тігулі кенейді атып, үш табаннан артықтау жерге жіберу керек. Үш табаннан кем, не болмаса сақасы кенейге тимей кетсе, ойынды сақасы шыққан келесі ойыншы бастайды. Ойын көндегі кенейді ұтып біткенше созылады.
Достарыңызбен бөлісу: |