«Грубо» және «Точно» тұтқаларын соңғы сол жағдайға қою. «Усиление» тұтқасы арқылы миллиамперметрдің сезгіштігін реттейміз (стрелка жуық шамамен 3-ші шкалада болу керек).
«Грубо» және «Точно» тұтқаларының көмегімен тербеліс жиілігін жайлап көбейтеміз, ол дыбыс генераторы арқылы берілген. Миллиамперметрдің шкаладағы стрелкасының көп ауытқуынан 1-резонансының жиілігін анықтау.
«Усиление» тұтқасы арқылы біртіндеп миллиамперметрдің сезгіштігін күшейтіп 2,3....7 резонанс жиілігін анықтау. Өлшеуді жиіліктің азаюында жүргізіп, нәтиженің қайталанатындығына көз жеткізу. Нәтижесін 1 кестеге толтыр.
«Нагрев» тумблерін қосып және қыздыру температурасын регулятормен трубадағы ауа температурасына жеткізу. Температура тұрақталғанда өлшеу жүргіземіз (2-4 пункт бойынша).
Қыздыруды көбейтіп трубадағы ауа температурасын -ге жеткіземіз. Температура тұрақталған соң қайтадан өлшейміз.
ӨЛШЕУ НӘТИЖЕЛЕРІН ӨҢДЕУ Әр температураға резонанс номері мен жиілігінің байланыс графигін тұрғызу және әр график үшін бұрыштық коэффициентін анықтау.
Алынған бұрыштық коэффициентін пайдаланып трубадағы ауа температурасының әрбір мәнінде дыбыс жылдамдығын мына формуламен , ауаның молярлық массасы ескере отырып, жылу сыйымдылықты (11) формуламен анықта.