ЭКСПЕРИМЕНТТІК ҚОНДЫРҒЫ
Ауаның жылу сыйымдылығын резонанс әдісімен анықтау ФПТ1-7 эксперименттік қондырғыда орындалады (2-сурет).
Қондырғының жұмыс элементі 1 шыны трубадан тұрады, онда телефон және микрофон енгізілген. Трубадағы ауаның температурасын трубаға енгізілген қыздырғыш спиральдің көмегімен өзгертуге болады. Қыздырушының қуаты 1 прибордың алдыңғы бөлігіндегі «Нагрев» реттегіші арқылы ретке келтіріледі. Трубадағы ауаның температурасы жартылай өткізгішті термометр арқылы өлшенеді және «Температура» сандық индикаторында тіркеледі. Приборлар блогында дыбыс тербелісінің генераторы орналасқан, ол телефонға жалғанған және трубадағы дыбыс тербелісін тудырады. Дыбыс генераторымен берілген тербеліс жиілігі қолмен «ГРУБО» және «ТОЧНО» реттеледі және «ЧАСТОТА» сандық индикаторында жазылады. Микрофон сигналы миллиамперметр арқылы өлшенеді, оның сезгіштігі қолмен реттеледі «УСИЛЕНИЕ». Токтың максимал шамасы миллиамперметрде тіркелген тербеліс жиілігінің еркін өзгеру уақытында каналдағы резонанстың пайда болуына сәйкес келеді. Трубаның ұзындығы жұмыс орнында көрсетілген.
2-сурет.
ФПТ1-7 эксперименттік қондырғының жалпы көрінісі: 1 - прибордың блогы,
2 - жұмыс элементінің блогы, 3 - тірек, 4 - қыздырғышы бар труба.
Достарыңызбен бөлісу: |