Зерттелетін қатты дененің үлгісі шыны пробиркаға құйылған суда қыздырылады. Қыздырған үлгінің, оның алғашқы ұзындығымен салыстырғандағы ұзындығы аз орын ауыстыру индикатормен өлшенеді де, сызықтық ұлғаюдың белгілі формасына қойылады. Керекті құрал жабдықтар құрамындағы пробиркалардың жартысын комната температурасындағы сумен толтырып, әрқайсысын сфералық түбімен төмен қаратып, штативке орнатамыз.
Көлденең қимасы болатындай жерге винт арқылы жалғастырамыз. Құралдың штепсельдік шанышқысына индикатор орнатып, оны қатайғанша бір бетіне бұраймыз.
Пробиркалардың біріндегі судың температурасын лабораториялық термометр арқылы өлшейміз (бұл кезде өзекшені қондырғыдан алып қою керек). Зерттелетін өзекшесі бар пробирканы астардың көмегімен құралдың қабығындағы тесікше арқылы қыздырғышқа енгіземіз.
Индикатордың күйінен жоғары тартып, индикаторды пробирканың үстінен орнатамыз да түйінді өзекшенің бетіндегі ойысқа келтіреміз. Кранштейнді винтпен бекітеміз. Индикатор шкаласындағы көрсеткіштің орнын белгілейміз. Тәжірибе жасау үшін индикатордың көрсеткішін 0-ге дәлдеп қою керек. (әр өлшеуде индикатордың көрсеткіш 0-ді көрсеткені дұрыс).
Тек содан кейін приборды нүктелік өшіргіш арқылы ток көзіне қосуға болады. Су қайнаған кезде пробиркадағы зерттелетін үлгінің температурасы судың қайнау температурасымен бірдей болады. Үлгінің ұзаруы индикатор көрсеткішінің алғашқы орнынан ауытқуымен анықталады. Өлшеуді индикатор шкаласының бөлігінің жартысына дейінгі дәлдікпен жүргізеді, яғни дәлдігі болады.
Жұмысты жалғастыру үшін, тәжірибені басқа үлгілермен жасау үшін: Нүктелі өшіргіш арқылы приборды ток көзінен ажыратады. Алдын ала индикатордың түйінін жоғары тартып, бұралмалы кранштейндегі индикаторды ең шеткі қалыпқа дейін тірелгенше бұраймыз.
Қондырғыдағы қыздырылған түтікшені алып, оны штативке орнатамыз. Тәжірибені басқа үлгі үшін қайталаймыз.
Бұдан әрі бұл тәжірибе қыздыратын құралдың көмегімен жасалатын болғандықтан пробирканы қыздыру зонасына енгізу уақыты мен индикатор көрсеткішінің алғашқы орнының арасы -тан аспауы керек. Қондырғымен жұмыс істеп болған соң (барлық үлгілер үшін көрсетулерді алғаннан кейін) сызықтық ұлғаю коэффицентінің сан мәнін төмендегі формула бойынша есептейміз:
мұндағы - үлгінің бойынша ұзаруы.
- үлгінің алғашқы ұзындығы (барлық үлгілер үшін ).
- пробиркадағы судың алғашқы температурасы.
- пробиркадағы судың қыздырғаннан кейінгі соңғы температурасы.
Сызықтық ұлғаю коэффициентін дәлірек анықтау үшін бірнеше өлшеулер жасап есептеген кезде, үлгінің ұзаруының арифметикалық орта мәнін алған дұрыс.
кесте
Достарыңызбен бөлісу: |