Бекітемін: Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 1-сабақ



бет13/22
Дата18.09.2023
өлшемі2,03 Mb.
#108339
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Байланысты:
11 кл Қазақ тілі ҚМЖ 1-тоқсан 2023-2024ж

Бөлім:

1-бөлім:
Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі

Педагогтің тегі, аты,
әкесінің аты :


Күні:




Сынып: 11

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:



Сабақтың тақырыбы

Таңғажайып ашылым

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.1.1.1 - мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу;
11.4.1.1 - мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу;

Сабақтың мақсаты

Мәтін үзінділері бойынша болжам жасап, тиісті ақпаратты анықтай алады. Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың
басталуы
7 минут



Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.
Психологиялық ахуал тудыру кубигі
1.Амандас
2. Құшақтас
3.Тілек айт
4.Мақта
5.Күлкі сыйла
6.Би қимылдарын бірге қайтала
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;
Ой шақыру

«Аквариум» әдісі бойынша сұрақтарға жауап бер.


1.Әлемде нақты бір елдерге берілген қандай имидждік атауларды білесің? (мысалы «Күншығыс елі» деген сияқты)
2. «Ұлы Дала» атауының мағынасын қалай түсінесің?
3.Ұлы Жібек жолы туралы не білесің?
4.Ұлы Жібек жолының қазақ елі үшін қандай маңызы болды?
5.Неліктен «Ұлы Даланың жеті қырының» бірі ретінде Ұлы Жібек жолы алынған?

Психологиялық ахуал тудыру кубигі арқылы кубиктердегі
Тапсырмаларды бірге қайталап, оқушылар өз бойларына жағымды ахуал қалыптастырады
1.Амандас 2. Құшақтас



3.Тілек айт 4.Мақта

5.Күлкі сыйла

6.Би қимылдарын бірге қайтала

Сұрақтарға жауап береді

Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!



Оқулық
11-сынып
«Атамұра» баспасы
2020жыл



Сабақтың
ортасы
5 минут

27 минут

2-тапсырма

Төмендегі суреттерге қара. Олардың қайсысы бүгінгі сабақ тақырыбына қатысты болуы мүмкін? Болжам жасап, ойыңды дәлелде.






4-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда. Мәтін мазмұнын өз болжамыңмен салыстыр.


6. Ұлы Жібек жолы
Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия құрлығының кіндігінде орналасуы ежелден әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік «дәліздердің» пайда болуына септігін тигізді. Біздің дәуірімізден бастап бұл құрлық жолдары Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байланыстардың трансконтинентальды желісіне – Ұлы Жібек жолы жүйесіне айналды.
Бұл жол халықтар арасындағы жаһандық өзара тауар айналымы мен зияткерлік ынтымақтастықтың қалыптасып, дамуы үшін орнықты платформа болды.
Керуен жолдарын мінсіз ұйымдастырып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Ұлы дала халқы ежелгі және орта ғасырлардағы аса маңызды сауда қатынасының басты дәнекері саналды. Дала белдеуі Қытай, Үнді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу Шығыс және славян өркениеттерін байланыстырды.
Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Түрік империяларының аумағын қамтыды. Орталық Еуразияда түркілер үстемдік құрған кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену шегіне жетіп, халықаралық ауқымда экономиканы өркендетуге және мәдениетті дамытуға септігін тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет