«бекітемін» Жұмыс оқу жоспарлары және


-лекция. Экологиялық сатаптама және қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізуді ұйымдастыру



бет24/68
Дата31.12.2021
өлшемі1,4 Mb.
#22285
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68
7-лекция. Экологиялық сатаптама және қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізуді ұйымдастыру

Халықаралық тәжірибеге сүйенетін болсақ. Экологиялық сараптама мен қоршаған ортаға әсерді бағалауды ұйымдастыру үшін, төмендегі ұғымдарды қарастырып, олардың мағыналарын талдаған соң, ҚОӘБ принциптері негізінде қажетті құжаттарға сүйене отырып, белгілі тәртіпті ұйымдастыру процедурасының өткізілуі мүмкін. Енді осы ұғымдардың әрқайсысына тоқталып өтейік.

Дәйек (негізлеме) және оқиға (основание и случай) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізуге қажетті оқиғаны анықтау белгілеріне мыналар жатады:


  • Өзінің құрамы мен көлемі жағынан нормативті және құжатталған талаптары белгіленген обьектілер мен жобалар.

  • Мемлекеттік мекемелердің немесе тиісті құқықты органдардың шешімдерінің болуы.

  • Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге құқықты осы саладығы органның бастама шешімі.

  • Жергілікті жердегі органдардың немесе сол территорияда тұратын тұрғындардың пікірлері (анкеталар немесе референдум нәтижелері).

Кез келген қызметтің экологиялық қауіптілік принципін көз алдымызға елестете алатын болсақ және экологиялық сараптаманы жүргізудің міндеттілігін ескерсек, онда заңда көрсетілген обьектілердің барлығына кз келген уақытта келтірілген барлық құжаттар негізінде экологиялық сараптама жүргізіледі. Бірақ, бұдан экологиялық сараптаманың міндетті түрде жүргізілуі емес, тек жанама қажеттілігі туады. Ал оның экологиялық сараптама саласындағы мемлекеттік өкілетті органдар тарапынан шығарылған шешім бойынша жүргізілуі туралы қатар алынады. Тек заң жүзінде бекітілген сот немесе арбитражды соттардың, қаулысы негізінде қабылданған шешім ғана мемлекеттік экологиялық сараптауды қайтара жүргізуге тікелей негіз бола алады.

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу нұсқасында төмендегідей жағдайларға байланысты МЭС жүргізіледі.



  • Үкіметтің тапсыруы бойынша.

  • Үкімет органдарының, территориялырда облыстық әкімшіліктері мен атқару органдары шешімдерімен.

  • ҚР экология және биоресурстар министірлігі үкімі бойынша.

  • Сот органдырының шешімі бойынша.

  • Тапсырысшының (заказщиктің) өтініші бойынша.

Заңда алғашқы мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізіліп оң

қорытынды алған обьектілерге қайтара экологиялық сараптама жүргізу үшін кейбір толықтырулар енгізілген:



  • алғашқы алынған мемлекеттік экологиялық сараптама бойынша жасалған ескертулерді жою жұмыстары:

  • мемлекеттік эколкогиялық сараптамадан оң қорытынды алынған соң құжаттарға енгізілген өзгертулер:

  • оң шешім алынған МЭС мерзімінің аяқталуы.

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуде дәйке пен жағдаймен

бірге ЭС жүргізуге қажетті шарттың анықталуы да өте маңызды. Заңдағы шарттардың кейбіреулерін ерекше атап өтуге болады. Мысалы, (мемлекеттік экологиялық сараптамазаңының 3-тарауы, 15-бабы) мемлекеттік экологиялық сараптамаға берілетін құжаттар пішіні мен мазмұны жағынан белгіленген шарттарға сәйкес болуы, яғни жоспарланып отырған қызметтің жүзеге асырылуы кезеңінде оның қоршаған ортаның жай күйіне, халықтың денсаулығына тигізетін әсеріне, жоспарлынып отырған қызматті іске асыру тулары орталық және жергілікті атқарушы органдармен келісу құжаттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы белгілейтін тәртіпке сәйкес қоғамдық пікірді ескеру және т.б.

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу тәртібінде заңдағы кейбір нормативтерді нақтылап МЭС өмендегі шарттарға сәйкес болғанда ғана жүргізіледі:


  • Сараптама жасауға қажетті құжаттардың толықтығы белгілі тәртіппен тіркеліп алдын-ала тексерілгендігі.

  • Материалдардың нұсқаудағы (инструкцияға) белгіленген талаптарға сәйкестігі.

  • Сараптаушы комиссияның тағайындалуы және оның құрамының бұйрық бойынша бекітілуі.

  • Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілу мерзімінің анықталуы, бұл мерзім 3 айдан аспауға тиіс, ал құжаттар көлемі мен күрделілігіне қарай алты айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

  • Сараптау нәтижесін мүдделілерге жариялау.

Жоғарыда қарастырылған экологиялық сараптаманы ұйымдастыру

мен өткізу шарттары мемлекеттік сараптама үшін де қағамдық сраптама үшін де қолданылады.

Бұл шарттар және басқа да нормативті-әдістемелік құжаттар, сонымен қатар табиғи, әлеуметік-экономикалық және т.б факторларды есепке алу тәртібі жоба алды және жобалау құжаттарында көрсетіліп төмендегі аспектілерді ескеруді ұсынады:


  • Экожүйе компонентерінің күйін көрсететін мөлшерлік көрсеткіштер.

  • Территорияның қазіргі экологиялық күйінің бағасы.

  • Жобаланып отырған қызмет сипаты туралы деректер мен оның қоршаған ортаға әсерінің түрлері.

  • Халықтың денсаулығы, әлеуметтік орта және экономикалық потенциал туралы деректер.

  • Жобаланып отырған қызметтің, іске асуы нәтижесінде қоршаған ортада мүмкін болатын өзгерістер болжамы.

  • Табиғи ресурстарды немесе қоршаған табиғи ортаны пайдалану жөніндегі шектеулер.

  • Обьектінің қоршаған ортаға және халыққа әсерінің зардаптарын бағалау.

  • Обьектінің немесе қызметтің негативті әсерін азайту үшін жасалатын табиғат қорғау істерінің тиімділігінің бағасы және сипаты.

Экологиялық сараптамаға берілетін материалдар мен құжаттарға

қойылатын талаптар, экологиялық негіздемелер, жобалар, инвестицияланған және құрлыс жобалары т.б. құжаттар, нормативті құжаттар сонымен қатар техника мен технологиялардың экологиялық негіздемелері мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ішіндегі нұсқауда көрсетілген.

Мемлекеттік эколгиялық сараптама процедурастізбектелген сатылардан тұрады да, сараптаушы органдар сарапталушы обьектіні зерттеу және бағалауды өткізіп, негіздемені тұжырымдап арнайы сараптама қорытындысын жасайды.

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуді қаржыландыру «Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу мен қаржыландыру және төленетін төлемдер тәртібі» құжаты негізінле жүргізіледі. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу үшін тағайындалатын төлем көлемі ҚР экобиоресурстар министірлігі жағынан қабылданып, бекітілген нормативті құжаттармен немесе үкімет қаулысы бойынша анықталады (5-тарау, 33-бап).

Мемлекеттік сараптама жүргізу үшін құжаттардың қарастырылу тәртібі және оның негізгі қағидалары нұсқауда келтірілген (21.02.1997ж бекітілген).

Мемлекеттік экологиялық сараптамаға берілген жобалау құжаттары ҚР-ның қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы белгілеген тәртіппен тіркеу жүргізеді. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу туралы өтініштің болуы және сараптамаға берілген қажетті материалдың, реквизиттердің болуы, барлық информацияның толымдылығы, соның ішінде жоспарланып отырған шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалауды және олардың ҚР-ның қолданылып жүрген заңдарына және нормативті талаптарына сәйкес келуі т.б. жағдайлардың ескерілгені тексеріледі.

Бұл құжаттарды сүйемелдеуші (сопроводительное) хатта сараптау жұмыстарының төленетіні туралы (Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 29.06.1993ж. №549 қаулысына сйәкес) обьекті тапсырысының (заказщик) қолы қойылып, мөрі басылу керек. Материалдардың қарастырылуға қабылдану фактісі Бас мемлекеттік сараптама немесе облыстық экология және биоресурстар басқармасының әдейі арналған журналына жазылады да, содан кейін облыстық экобиоресурстар бөлімінде немесе Бас мемелекеттік сараптаманың бір бөліміне беріледі. Сөйтіп олар әрбір қызметтің ерекшеліктеріне қарай бұл жобаның сараптама жұмысын ұйымдастыруды бастайды.

Мемлекеттік сараптауға берілген құжаттарды рұқсатсыз қызмет бөлмелерінен алып шығаруға, немесе басқа біреуге беруге болмайды.

Сараптаманың алғашқы сатысында мемелекеттік экологиялық сараптауға берілген құжаттардың толықтығы мен жоба материалдарының негізділігі нұсқаудың бесінші бабына сәйкес өткізіледі. Алдын-ала сараптаудың талаптарын қанағаттандыратын материалдар ары қарай қарастырылыуға жіберіледі. Бұл сатыдағы талаптарға сай келмейтін құжаттар одан ары қарастырылуға жіберілмей қайтарылады. Ол үшін қайтарылу себептері көрсетіліп жоба иелеріне хабарландырушы хат (уведомление) қоса жолданады.

Барлық құжаттар талаптарға сай болған жағдайда, жауапты қызметкер жобаның мемелекеттік сараптамалау категориясын, оны жүргізіу мерзімін, істі жүргізу үшін қажетті мамандар санын және мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізудің төлем ақысын анықтайды. Сонымен бірге, ол тапсырысшыға ескертпе хатпен (уведомление) құжаттарының қабылданғанын және 30 күн ішінде мемлекеттік экологиялық сараптама жұмыс ақысының төленуі туралы хабарлаушы хат жібереді (Істелетін сараптама жұмыстарының көлемі және төленетін құжат көшірмесімен бірге).

Мемлекеттік экологиялық сараптау категориясының күрделілігі сарапталушы обьектінің күрделілігіне байланысты: жоспарланып отырған қызметтің қауіптілігіне, табиғи жағдайларының күрделілігіне, жоспарланп отырған шаруашылық және басқа қызметтің орналастырылатын территориядағы экологиялық жағдайға және сараптауға ұсынылып отырған құжаттардың көлеміне байланысты болады.

Обьектінің мемлекеттік экологиялық сарапталу күрделілігі экологиялық қауіптілік классификаторы бойынша анықталады. Сараптама жүргізілу мерзімі де обьектінің күрделілігіне байланысты. Ол мерзім 30 күн. 60 және 120 күн болуы мүмкін. Классификациялау бойынша күрделі, орташа күрделілікті және жай деп үш категориялы процедурамен жүргізіледі. Сараптама мерзімі мемлекеттік экологиялық сараптама басқармашылығы немесе облыстық экологиялық басқармашылық ұйымдары жағынан ұзартылуы мүмкін, бірақ ол мерзім 6 айдан аспауы керек. Егер сараптама жүргізу төлем ақысы 30 күн ішінде төленбесе, онда барлық құжаттар обьекті иесіне хабарландырушы хатпен қайтарылып жіберіледі.

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізудің басталу мерзімі төлем ақысы жасалғаннан кейін 30 күннен аспауы керек. Бұл мезгіл ішінде жауапты қызметкер сараптама комиссияларының мүшелері бастығын, жауапты хатшысына кандидаттар жөнінде ұсыныс дайындайды. Сараптаушы комиссияның бастығы және жауапты хатшы: сараптаушы комиссия мүшелерінің санын сараптаушы комиссия жеке мүшелерінен сарапшылар тобын тағайындайды; сараптаушы комиссия жұмысының календарлық жоспарының жобасын; сараптамашылар тобының жауаптысы үшін техникалық тапсырмалар дайындайды. Күрделі емес обьектілердің мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу мемлекеттік экологиялық сараптаушы органдардың қатардағы сараптаушылардан тағайындалған комиссия тарапынан жүргізілуі де мүмкін.

Мемлекеттік экологиялық сараптамашылардың шаттық сарапшысының бюджеттік емес обьектілерді сараптау жұмыс ақысының төленуі «ҚР мемлекеттік сараптама жүргізу мен қаржыландыру және төленетін төлемдер» құжаты негізінде жүргізіледі.

Жауапты қызметкер мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу үшін техникалық тапсырманы дайындап, сараптаушы комиссияның әрбір мүшесі мен келісім-шарт жасап бұл құжаттардың жобасы мен бұйрықты республикалық мемелекеттік экологиялық сараптама басқару органына немесе оның территориялық органдарына береді.

Обьектінің мемлекеттік экологиялық сараптамасы Қазақстан Республикасының экология және биоресурстар министірлігі тарапынан бұйрыққа қол қойылған күннен басталады.

Мемлекетік экологиялық сараптама жүргізілу мерзімі сарапталушы обьектінің жұмыс көлеміне байланысты болды. Бірақ 120 күннен аспауы керек, ал жалпы МЭС жүргізуге уақыт алты айдан артық болмауы қажет. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың жауапты қызметкері сараптау жұмысы басталғаннан он күннен кейін мемлекеттік экологиялық территориялардың органдарын және жергілікті жердегі басқарушы органдарды істелейін деп отырған жоба туралы хабардар етуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет