Қазір менің жалақым азайып қалды
толық төлеп журген жоқпын, сол
жағдайларға байланысты, қаржылық қиындықтар туындап, несие сомасын ай сайын төлей алмай жүрмін. Менде үлкен несиелік жүктеме.
Дәл қазір менің атымда 2 кредит пен қарыздар бар:
АО «Kaspi Bank» 397 380тг
АО «Kaspi Bank» 31 573тг
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңының 36-бабы бойынша:
1-1. Міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушы – жеке тұлға банкке (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға) баруға және өзінің банктік
қарыз шартының талаптарына, оның ішінде:
банктік қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгертуге;
шет ел валютасымен берілген банктік қарыз бойынша негізгі борыштың қалдық сомасының валютасын ұлттық валютаға өзгертуге;
негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруға;
берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеу кезектілігін, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтей отырып өзгертуге;
мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіруге, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) күшін жоюға байланысты өзгерістер енгізу туралы өтінішін негіздейтін банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың мерзімі өтуінің туындау
себептері, кірістер және басқа да расталған мән-жайлар (фактілер)
туралы
жазбаша өтініш ұсынуға құқылы.
Дәл қазір мендегі қаржылық қиыншылыққа байланысты, осы алған соманы және үстемақысын толық төлей алмаймын.
Мен қарыз сомасы мен сыйақысын төлеуден қашпаймын және маған ақша түскен күні бірден барып төлеуге уәде беремін.
Бұл қиындықтар уақытша. Мен қазір қарызымды тезірек жабу үшін қосымша табыс көздерін және қосымша қаражат қарастырудамын.
Сондықтан, менің менің алған несиемді мерзімінен кешіктірмей,
кредиттік тарихымды бұзбай, үстіне өсімпұл қосып көбейтпей төлеуім үшін, менің қазір төлеп жүрген ай сайынғы төлемімді 52 000 теңгеге дейін азайтып, жаңа график беруіңізді сұраймын. Мен қазір несиені 52 000 теңгеден ай сайын төлей аламын.
Өтініш иесі: Күні:05.12.2023 ж