Курстың мақсаты: 11 сынып оқуышыларының химия бойынша ғылыми – теориялық білімін тереңдету, білігі мен дағдысын одан әрі дамыту, алған білімін болашақ өз кәсіби білім алуға және практикалық қызметіне қолдануға дайындау, химия өнеркісібі мен технологиясы негіздерімен таныстыру және экологиялық мәдениетін дамыту.
Курстың міндеттері: Химия ғылымы және технологиясы саласындағы оқушылардың іргелі және қолданьалы білімі, практикалық білігін дамыту;
Химияға жаратылыстану мен жалпы адамзат мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде көзқарасын дамыту.
Адамзат алдында тұрған проблемаларды шешуде химияның қоғамдық мәні мен гуманистік бағыттылығын дамыту;
Заттардың құрамы, құрылысы, қасиеттері мен қолдану арасындағы себеп – салдарлы байланыстарды анықтау;
Негізгі мектеп бітірушінің ары қарай оқу бағытын таңдау дайындығы мен өз білімін жетілдіруге деген құлшынысын дамыту.