Курстың мазмұны
Жалпы сағат саны – 34сағат
Кіріспе ( 1 сағат )
Химия пәні және оның маңызы. Химиялық өндірістер. Негізгі түсініктер мен терминдер.
Бастапқы химиялық ұғымдар ( 2 сағат )
Химияның негізгі түсініктері. Заттың жіктелуі. Бейорганикалық қосылыстар. Негіздер. Оксидтер. Тұздар. Қышқылдар. Химияның негізгі заңдылықтары.
Атом құрылысы ( 2 сағат )
Атом құрылысы теориясынығ даму тарихы. Атом ядросы. Атомның электрондық құрылысы. Электрондардың атомда орналасу ережелері.
Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық заңы мен жүйесі ( 2 сағат )
Периодтық заңының ашылу тарихы. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінің құрылымы. Элементтің және оның қосылыстарының қасиеттерінің атом құрылысына тәуелділігі. Валенттілік және тотығу дәрежесі. Элементтің және оның қосылыстарының периодты өзгеретін қасиеттері. Периодтық заңның маңызы.
Зат құрылысы ( 2 сағат )
Химиялық байланыс. Коваленттік байланыс. Кешенді қосылыстар. Молекуланың кеңістіктегі құрылысы. Иондық байланыс. Металдық байланыс. Сутектік байланыс. Кристалдық торлардың түрлері. Химиялық байланыстың типіне қарай элементтердің тотығу дәрежелерін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |