6-сыныпқаарналған«Көркемеңбек»оқупәнініңбазалықмазмұны(қыздар): «Визуалды өнер» бөлімі: Портрет жанры, портрет түрлері, қазақстандық суретшілердің шығармашылығындағы портрет, сызықты портрет, графика, орындалу техникасы, дәстүрлі емес материалдардан портрет жасау (сымнан орындалған портрет), портреттегі түс, орындалу техникасы, заманауи портрет, фотоөнер, фотокамерамен тәжірибе, анимация, қозғалатын элементтер (ермексазды анимация, көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар), сценарий дайындау, кейіпкерлер мен декорациялар құру, көркем өнер идеяларын іске асыру, дыбыс қосу, жұмысты қорғау;
«Сәндік-қолданбалы өнер» бөлімі: Тоқу өнері, ілмекпен тоқу, тоқу тәсілдері мен техникалары, бұйымның нобайын дайындау, материалдар мен құрал-жабдықтарды таңдау, әртүрлі бұйымдарды ілмекпен тоқу (сулықтар, сөмкелер, ұялы телефондардың қабы), шалма бізбен тоқу, шалма біз және олардың түрлері, тоқу тәсілдері мен техникалары, бұйымның нобайын дайындау, әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу (мойынорағыш, үшкіл орамал, тіреуіш, ұялы телефондардың қабы), жұмысты қорғау, көрме ұйымдастыру;
«Дизайн және технология» бөлімі: Тоқыма материалдарынан бұйым дайындау (авторлық қуыршақ, дамытатын ойыншықтар), идеяларды құру, нобай, түрлі-түсті және фактуралы тоқыма материалдарын зерттеу, материалдарды, құралдар мен жабдықтарды таңдау және дайындау, бұйым дайындау, бөлшектерді пішу, жеке бөліктерін өңдеу, бөлшектерді біріктіру мен бұйымды безендіру, үйге арналған тоқыма бұйымдарының дизайны (алжапқыш, асханалық бұйымдар), идеяларды құру, нобай, материалды таңдау және дайындау, жұмысты орындау бірізділігі, бұйым дайындау, бөлшектерді пішу, жеке бөліктерін өңдеу, бөлшектерді біріктіру мен бұйымды безендіру, жұмысты қорғау, көрме ұйымдастыру;
«Тамақтану мәдениеті» бөлімі: Қазақ халқы мен әртүрлі халықтардың және де қоғамдық тамақтану орындарындағы дастарқан басында өзін-өзі дұрыс ұстау ережелері, жартылай дайын өнімдерден тағамдар әзірлеу технологиясы, тағамдарды жылдам әзірлеудің технологиясы, десерт әзірлеу технологиясы;
Бөлім «Үй мәдениеті»: Гигиена ережелері, бөлмені ылғалды және құрғақ тазалау жұмысы, киім (аяқ киім) күтімі мен оларды сақтау, сәндік гүлдер түрлері, гүл өсіру шаруашылығындағы көктемгі жұмыстар.