7-сыныпқа арналған «Көркем еңбек» оқу пәнінің базалық мазмұны (қыздар):
«Визуалды өнер» бөлімі: Өнердегі заманауи техника мен ғылыми жетістіктер, табиғаттағы микро суреттер, бейнелеу өнеріндегі заманауи бағыттары (поп арт, инсталляция), өздігінен ізденіс зерттеулері, Қазақстанның заманауи суретшілері, өнердегі заманауи стильдік бағыттарды зерттеу негізінде тәжірибелік (шығармашылық) жұмыс орындау (2D немесе 3D форматында), жұмысты қорғау және көрме ұйымдастыру;
«Сәндік-қолданбалы өнер» бөлімі: Көркемдік жазба (батик, гжель, хохлома), жазбалар түрлері, жазбалардың тәсілдері мен техникасы, материалдары және құралдары, бұйымның нобайын орындау, материалдар мен құралдарды дайындау, көркемдік жазбаны орындау, сәндеу, безендіру, жұмысты қорғау және көрме ұйымдастыру;
«Дизайн және технология» бөлімі: Өзгеріске ұшырау (трансформация) және тігін бұйымдарды сәндеу (киім, аксессуарлар, бижутериялар), идеяларды құру, нобай, материалдар мен құралдарды дайындау, жиынтықты орындау, киім бөлшектерін пішу, жеке бөлшектерді өңдеу, бұйымдардың бөлшектерін құрастыру және өңдеу, бұйымды сәндеу, жұмысты қорғау;
«Тамақтану мәдениеті» бөлімі: Қазақтың ұлттық тағамдары, әлем халықтарының тағамдары (өздігінен ізденіс зерттеулері), әлем халықтарының тағамдары, тәжірибелік жұмыс (суши, пицца, көже);
«Үй мәдениеті» бөлімі: Тұрмыстық техниканы таңдау, тұрмыстық техниканы қолдану ережелері, өсімдік сән және интерьер элементі ретінде.
8-сыныпқа арналған «Көркем еңбек» оқу пәнінің базалық мазмұны (қыздар):
«Сәндік-қолданбалы өнер» бөлімі: Қазақтың ұлттық сәндік қолданбалы бұйымдары (ши тоқу, киіз бас), әртүрлі ұлттық бұйымдар, құрал-жабдықтар мен материалдармен танысу, бұйымдарға нобайлар дайындау, құрал- жабдықтар мен материалдар дайындау, шығармашылық жұмыстарды орындау, әшекейлерді пайдалана отырып сәндеу, жұмысты қорғау, көрмеге ұсыну;
«Дизайн және технология» бөлімі: Қазақтың ұлттық киімі, этностиль, ою- өрнек стилизациясы, этностильдегі (бас киімдер, қазақтың ұлттық киімдері), этностильдегі бұйымдарды жасау (бас киімдер, қазақтың ұлттық киімдері), бұйымдарды әшекейлеу, жұмысты қорғау;
«Дизайн және технология» бөлімі: Халықтық пішім негізінде киім үлгісінің дизайны (тұтас жеңдер), бұйымдарға нобайлар дайындау, құрал- жабдықтар мен материалдарды дайындау, халықтық пішім негізінде киім үлгісінде бұйым дайындау, бөлшектерді пішу, бөлшектерді өңдеу, бөлшектерді біріктіру мен безендіру, бұйымды ою-өрнек элементтерімен безендіру, жұмысты қорғау;
«Үй мәдениеті» бөлімі: Интерьерге арналған сәнді бұйымдар (2D/3D форматта), бұйымдарға нобайлар дайындау, құрал-жабдықтар мен материалдарды дайындау, интерьерге арналған 2D/3D сәнді бұйымдарды жасау, өсімдік
шаруашылығындағы ғылымның рөлі, медицина, фитотерапия және косметологиядағы өсімдіктің рөлі.
Достарыңызбен бөлісу: |