Төртінші, бесінші жаттығуларда – оқушының шығармашылық қабілетін ашуға, танымдық ойлау шеберлігін шыңдауға бағытталған. «Венн диаграммасы», «Топтастыру»,
«Ішіне-сыртына», «5 минуттық эссе жазу» әдіс-тәсілдері, сонымен қатар «Сөз терім»,
«Оқиық, ойланайық» ойындары, ой әсемдігін мәнерлі жазбаша тілде жеткізуге, қысқаша мәтін құруға, сурет бойынша әңгіме жазуға негізделген.
Жыл аяғында оқушылар көркем жазуды, қатесіз көшіріп жазуды сапалы және нақты
орындауға үйренеді.
Оқу пәнінің мақсаты :
Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, әріп элементтерін дұрыс жазуын, әдеби сауаттылығын, көркемдік эстетикалық талғамын арттыру, грамматикалық мағлұматтарды меңгерту.
Міндеттері :
1. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуына, ақыл –ойының дамуына, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндіктерін туғызу .
2 .Зерделеу, есте сақтау, түсіну дағдыларын дамыту. Өзіне деген сенімін арттыру.
3. Оқушыны белгілі бір тақырып көлемінде ой жүйесін құруға, образға ену, топпен талқылауға бағыттау.
4.Әріптерді қосып, буын, сөз жазу машықтарын жетілдіріп, жазу жаттығуларын ұдайы жүргізу .
5. Жеке сөздерді,сөйлемдерді қатесіз көшіруге және айтылуы емес жазылуы бойынша дұрыс жазуға машықтандыру
Күтілетін нәтиже :
1. Әріп әлементтерін, әріптерді көркем жазуға қалыптасады
2. Оқушылар көшіріп жазу әдісі, сызықтық әдіс, генетикалық әдіс, теріп жазу әдістерін саналы түрде және нақты орындауды меңгереді.
3. Мәтінді көшіріп жазу, өлеңдерді , мақал – мәтелдерді, жұмбақ – жаңытпаштарды жатқа жазу, ойдан әңгіме құрастыру біліктіліктері дамиды .
4. Таным белсенділігі артып,шығармашылық қабілеттері мен мүмкіндіктері дамиды.
5. Оқушы өздігінен ізденуге үйренеді, көркем жазуға қалыптасады
6. Оқушының өзін-өзі тану қабілеті дамып, оқу әрекеті және оның нәтижелері бойынша өзіне-өзі ұдайы талдау жасауға, өзіне баға беруге қалыптасады.
7. Жазбаша тапсырмаларды орындау арқылы шығарма, эссе немесе хат жазу, өлең құрастырады, сұрақтарға жазбаша жауап береді. Қатесіз, көркем жазуға дағдыланады.
Достарыңызбен бөлісу: |