«бекітемін» «келісемін» Әб отырысында қаралды


Пәнді меңгеру деңгейінің талаптары



бет3/4
Дата15.04.2023
өлшемі28,26 Kb.
#83123
1   2   3   4
Байланысты:
Көркем жазу фак 2 сынып

Пәнді меңгеру деңгейінің талаптары:
1. «Көркем жазу» сабағында үйрету жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу;
2. Пәннің мақсаты комплексті түрде ескерілуі тиіс.
3. Берілген тапсырмалар жоспарлы түрде,белгілі бір жүйемен,оқушылардың басқа пәндерден алған білімдерінің негізінде жүргізілуге тиіс.
4. Психологиялық,педагогикалық және гигиеналық талаптар ескерілуі тиіс.
5. Берілген жаттығулар оқушы дайындығының деңгейіне сәйкес болуы және денсаулығын сақтауға бағытталуы тиіс.
6. Оқушының өзіндік жұмысына құрметпен қарау.
7. Оқушы шығармашылығына дұрыс бағыт-бағдар беріп отыру.
Таңдау сабағының тақырыбының мазмұны.

Оқушыларға жазу дағдыларын меңгертуде алдымен сөздерді, сөйлемдерді, мәтінді, өлең жолдарын мән беріп оқығанын, жете түсінуін қадағалау. Әрбір сөзді қатесіз , көркем жазу үшін мәтіндегі, өлеңдердегі түсініксіз сөздерге түсініктеме берілуі қажет. Оқушының көшіріп көркем жазуға , жатқа жазуға қызығушылығын арттыру мақсатында қызықты өлең жолдары , жұмбақтар , жаңылтпаштар , мазмұнды мәтіндер енгізілген. «Көркем жазу» дәптерінің соңғы жаттығуларында оқушыны ынталандыру үшін мәтін құрастыруға, эссе жазуға, сурет бойынша сөйлем құрастыруға тақырыптардың атынасай суреттер енгізілген. Тақырыпқа сай берілген суреттер оқушыны жан- жақтылыққа, танымдық ойлау шеберлігінің шыңдалуына, ой әсемдігін көркем жаза білуіне жетелейді.




Оқу пәнінің мазмұны 5 бөлімнен тұрады.


Бірінші бөлімде -- жуан айтылатын дауысты дыбыстар.


Екінші бөлімде -- жіңішке айтылатын дауысты дыбыстар.


Үшінші бөлімде – қатаң дауыссыз дыбыстар.
Төртінші бөлімде – ұяң дауыссыз дыбыстар.
Бесінші бөлімде – үнді дауыссыз дыбыстар.
Әр бөлімде дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылуы мен жазылуы туралы мағлұмат беріледі.Оқушы дыбыстық талдауға, көп нүктенің орнына әріптерді қоя білуге, сөздерді буынға бөліп жазуға, өлең жолдарын, мәтіндерді қатесіз, көркем жазуға үйренеді. Осындай жаттығулар арқылы оқушының жазба тілі қалыптасып, жазуға деген ептілігі арта түседі.Оқушы мәтін құрастыруға, сөзжұмбақтар шешуге, сурет бойынша әңгіме құрастыруға қызығушылық қабілеті артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет