«Бекітемін» «Келісемін»
Мектеп директоры С.А.Тлепбергенов ОІЖО Д.К.Ершигешова
Директорлық бақылау жұмысы
Қазақ тілі 8-сынып
Оқу мақсаты: ӘТН. 7.4.1.1 - тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу;Ж.7.3.1.1 - тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру.
Кедей ауылы Аршалының қалың құзының қақ ортасында отырған бір ауылға кез бола кеттік. Тау елін көргенім де осы еді, көзіме бір түрлі жат көрінді. Бас-аяғы екі-үш қора екен, үшеуі үш төбешіктің басында, бұзылған мола сықылданып тұр. Малдары қалай күн көретінін білмеймін, қора маңында бір шашақтан артық шөп көрінбейді. Оның өзіңе де мал тісі тиген тәрізді емес, төңірегін талмен қоршап, төбесін таспен бастырып тастапты.
Не де болса, осы ауылдан ат шалдырып аттануға көңіліміз кетті. Ортада тұрған тас қораға қарай ойыстық. Жолдағы үйге-ақ түсе салайық деп едім, жолдасым болмады. Келген үйіміздің есік алдында қара кер ат байлаулы тұр. Тер қатып, қиналған мал тәрізді. Төрт аяғын бауырына алып бүріскен, қырып алар қызыл жоқ Қасына біз де атымызды байлап, қораға ендік. Есік іздеп жүргенде, бір тулаққа қолымыз тиді. Тартып қалсақ, талақпен қаптаған үйдің есігі екен, сәлем беріп кіріп келдік. / 131/ (Ғ. Мұстафин)
Дескрипторы: Мәтінді орфографиялық нормаға сай жазады-5 балл