3. Жұмыстың ауырлық және зияндылық бойынша жіктелімі Еңбек шарты өндірістік саланың санитарлы-гигиеналық, психофизиологиялық, әлеуметтік және эстетикалық элементтердің жиынтығы ретінде адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетіне тікелей әсер етеді. Жұмыс ауырлығында адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетіне санитарлы-гигиеналық, әлеуметтік-психологиялық және басқа еңбек шартының барлық факторлары жиынтықты әсер ету деңгейі түсініледі, яғни жұмыс ауырлығы физикалық, психикалық (жүйкелі-эмоционалдық) жүктеме мен сыртқы өндірістік шарттардың әсер етуінен пайда болатын, жұмысшы организмінің функционалдық күш салуы қарастырылады.