«бекітемін» «келісілді»


Еңбек процесінде жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі алдымен дамитын өндірістік қажуға негізделген. Өндірістік қажу



бет37/77
Дата06.01.2022
өлшемі1,24 Mb.
#11334
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   77
Байланысты:
УМКД Енбекти коргау 2кр 2016-2017

Еңбек процесінде жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі алдымен дамитын өндірістік қажуға негізделген. Өндірістік қажу - жұмыс пен еңбек шартының әсер етуінен пайда болатын, адам организмінің функционалды мүмкіндіктерінің уақытша және қайтымды төмендеуі.

Еңбек шарты тек ұйымдастыру-техникалық, санитарлы-гигиеналық және басқа да материалды-заттық шарттар ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік-психологиялық, алдымен ұжымдағы өзара қатынас, ондағы әлеуметті-психологиялық климат болып табылады. Қажу іс-әрекеттің тиімділігін төмендетуге әкеліп соғады, яғни бір жұмыс актісіне физиологиялық және психикалық өлшемдердің өсуі травматизм мен сәтсіз оқиғалардың пайда болуы өседі. Өндірістік қажу адамдағы шаршағандық сезімі ретінде сезіледі, оны аса ерекше психологиялық жағдайда бастан кешіп жүрген, қажудың биологиялық белгісі ретінде қарастыруға болады. Адам келесілерді сезеді:

• әлсіздік сезімі — жұмыстағы жоғары жүктемелік, оны керекті дәрежеде жалғастыру мүмкіншілігін сенімсіздік;

• назардың бұзылуы (оның топталуында қиыншылық, тұрақсыздық немесе керісінше әлсіздік, назардың аз аударылуы, оны қосудағы қиыншылықтар);

• түйсік саласында бұзылулар (жұмысқа қатысуда қабылдайтын анализатор іс-әрекетінің өзгеруі – көз көруінің, есту, көз сығырайту сезімінің және т.б. төмендеуі);

• моторлық саланың бұзылуы (баяулатылған немесе ретсіз, асығыс, жеткіліксіз дәрежедегі нақтылық және байланыс-тырылмаған қозғалыстар);

• жұмыс істейтін органдардың тартымсыз сезінуі: қол мен аяқ бұлшық еттеріндегі ауыруы мен ісуі, статикалық тұрғыда — арқа, қарын, мойын, ақыл-ой жұмысында — маңдай мен қарақұс саласында ауырулар пайда болады;

• жұмыс іс-әрекетінің саласында ойлау мен естің ақаулары;

• ерік-жігердің әлсізденуі (шыдамдылық, өзін бақылау, тегеуіріндік);

• жиі әрі ұзақ үзілістерді санасыз жасау;

• ұйқышылдық.

«Өндірістік қажулардың барлығы да шаршау сезімінде пайда бола бермейді. Ол өзін физикалық іс-әрекетте анық көрсетеді: пульс, демалыс, қатты терлеу, бұлшық еттердің шаршауының жиілігінің өсуімен. Сондықтан еңбек пен демалыстың тиімді режимінің, психикалық өзін реттеу дағдысының жоқтығында пайда болған қажу, аса қажуға айналуы мүмкін – ол демалыс кезінде жұмысқа қабілеттілігі толығымен қалыптаспайтын, ауру жағдайы және организмде функционалдық бұзылулар дамуы мүмкін: ызаланушылық, күндізгі ұйқышылдық және түндегі ұйқысыздық, бас аурулары және де орталық жүйке жүйелерінің ауруы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет