«бекітемін» «келісілді»


R1 = (t1 + r1)/2 R2 = (t2 + r2)/2



бет71/77
Дата06.01.2022
өлшемі1,24 Mb.
#11334
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   77
R1 = (t1 + r1)/2 R2 = (t2 + r2)/2

Студент рейтингісінің орташа бағасы (Rор.) екі рейтингінің қосындысын екіге бөлу арқылы анықталады:



Rор. = (R1 + R2)/2

Пән бойынша қорытынды баға рейтингінің орташа бағасын 0,6-ға (яғни 60%) көбейту арқылы және емтиханның бағасы 0,4-ке (яғни 40%) көбейтіліп, шығарылған нәтижелерді қосу арқылы шығарылады.



І = (R1 + R2 / 2) х 0,6 + Е х 0,4

Бұл жерде – ағымдағы бақылау (t), аралық бақылау (r), рейтингі бағасы (R), емтихан (Е) және қорытынды баға (І).

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша).

Студенттердің оқудағы барлық тапсырмалар бойынша жетістіктері ЖОО-дағы білімді бақылау және бағалаудың ЖМБС сәйкес баллдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесімен жүргізіледі. Дәстүрлі бағалау жүйесіне 1-кесте бойынша аударылады.

1-кесте


Студенттердің оқудағы жетістіктерін бағалаудың баллдық-рейтингтік әріптік жүйесін

бағалаудың дәстүрлі түріне аудару



Дәстүрлі жүйе бойынша баға

Пайыз түрінде

Балл түрінде

Әріптік жүйе бойынша баға

Үздік

95-100

4

А

90-94

3,67

А-

Жақсы

85-89

3,33

В+

80-84

3,00

В

75-79

2,67

В-

Қанағаттанарлық

70-74

2,33

С+

65-69

2,00

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

Д+

50-54

1,00

Д

Қанағаттанарлықсыз

0-49

0

F

Ағымдағы бақылау пәннің әрбір тақырыбы бойынша 100 баллдық шкаламен бағаланады және оның құрамына студенттердің аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтардағы бағалары кіреді (0 балл - тапсырма орындалмаған жағдайда, себепсіз сабақ жіберу, 100 балл - өте жақсы және уақытында орындалған тапсырма). Аралық бақылау өткізер алдында ағымдағы бағалардың жалпы қорытындысын шығарады: дәрістерге қатысуларын қоса алғанда барлық ағымдағы бағалардың орташа арифметикалық мәні анықталады. Содан кейін деканат (кафедра) анықтауы бойынша белгілі бір формада (ашық, жабық) аралық бақылау өткізіледі. Аралық бақылаудан кейін орташа арифметикалық мәнді 0,7; ал аралық бақылауды 0,3-ке көбейту арқылы рейтинг есептеледі.

2-кесте

Рейтинг есептеу мысалы



Аты-жөні

1 аралық бақылауға дейінгі тәжірибе сағаттары

Дәріске қатысуы

Орташа арифметикалық сома

Аралық бақылау

1 рейтинг (10г*0,7+

11г*0,3)


1

2

3

4

5

6

7

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Мамедов Р.Т

75

75

0

50

85

85

90

85

68

80

71,6

Адилов Н.Г

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

Қорытындылар сабақ журналы мен аралық бақылау ведомостісіне жазылады. 2-ші рейтинг осыған ұқсас есептеледі. Емтиханға жіберілу 2 рейтинг қорытындыларының арифметикалық орташа мәні бойынша анықталады. Емтиханға жіберілудің ең төменгі рейтингісі 50 баллды құрайды. Қорытынды баға екі рейтингтің арифметикалық орташа мәнін 0,6-ға, емтихан бағасын 0,4-ке көбейту арқылы есептеледі. 1-кесте арқылы пайыздық түріндегі қорытынды баға баллдық және әріптік жүйеге сәйкес анықталады.

Қорытынды баға есептеу мысалы

3-кесте


Аты-жөні

1 рейтинг

2 рейтинг

Емтиханға жіберілу рейтингі

Емтихан бағасы

Қорытынды баға (5г*0,6+7г*0,4)

әріп

балл

әріп

балл

әріп

балл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Мамедов Р.Т

71,6

84,2

В-

77,9

В-

75

В-

76,74

Адилов Н.Г

100

100

А

100

А

100

А

100

Қорытындылар сабақ журналы мен емтихан ведостісіне енгізіледі. Сырттай бөлім студенттерінің үлгерімін ағымдағы бақылау оқу процессінің күнтізбелік графигіне сәйкес сессияға дейін және сессия кезінде де жүзеге асырылады.

Сонымен қатар сырттай бөлім студенті сессияға дейін бақылау мен есеп-графикалық жұмыстарын, курстық жұмыс (жоба), үй тапсырмалары, СӨЖ, пәннің оқу бағдарламасына сай аралық бақылауды тапсыруы керек.

Мамандық деканаты (кафедра) шешімімен сырттай бөлім студенттеріне пәндер бойынша есептілік тапсыру графигі белгіленеді. Пән бойынша қорытынды баға құрамына ағымдағы үлгерім бағасы мен қорытынды бақылаудың бағасы кіреді. Ағымдағы бақылау бағасы қорытынды бағаның кем дегенде 60%-ын құрауы тиіс. Қорытынды бақылау (емтихан) бағасы қорытынды бағаның 40%-нан кем болмауы керек.

Бағалаудың пайыздық мазмұны пайызбен анықталады. Бұған қоса 50%-дан 100%-ға дейінгі бағалаулар жағымды бағаларға жатады да, 0%-дан 49%-ға дейінгілер бағалаулар қанағаттанарлықсыз бағалауларга жатады.

Дәстүрлі баға шкаласы төрт балдық шкалада «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» қатарында түзіледі.

Балдық-рейтингілік әріптік жүйе оқытудың барлық білім алушыларға қолданылады.

Емтихан оқушылардың тиісті мамандықты игеру процесі кезінде алған білімі, іскерлігі, дағдыларымен құзыреттілігін тексеруге бағытталған.

Рұксат алу рейтінгілік баға пән бойынша білімнің корытынды бағасының 60% құрайды.

Қорытынды бақылаудың бағасы пән бойынша білімді қорытынды бағалаудың 40% кұрайды.

Емтиханға келген жағдайда студенттің өзімен бірге емтиханға жіберілгені туралы сынақ кітапшасында штамп болуға тиісті. Декан факультетінің рұқсатынсыз студент емтиханға жіберілмейді.

Ақылы түрде оқитын студенттердің оқуға төлем қарызы болса, онда емтиханға жіберілмейді.

Курстық жұмыс бойынша сынақ болмаған жағдайда студент бірінші емтиханға ғана жіберіледі.



Келісілген уақытта ауруына немесе себепті жағдайларға байланысты емтихан тапсыруға келе алмаған студентерге жеке тапсыру мерзімі қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет