Бекітемін Меңгеруші: ( тегі, аты, әкесінің аты) маусым айы 1 апта



бет22/22
Дата16.06.2023
өлшемі65,8 Kb.
#101779
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
ортаңғы топ циклограмма маусым

«Қарақұс пен балапандар»
Педагог тауық болып, балалар балапан болып жем теруге шығады. Бір бала қарақұс болады. Жем теріп жүргенде қарақұс ұшып келеді. Барлық балапандар тауықтың қанатынын астына жасырынады.


«Не жедің, тауып айт»
Дәм сезу анализаторы арқылы шешімін табу.Көз жұмып ауызға салған затты шайнап не екенін анықтау.Тәрбиеші әр түрлі дәмдегі көкөністер мен жемістерді алу. Оларды жуу. Тазалағаннан кейін ұсақ бөлшектерге бөлу. Салыстыруға балалардың үстелдеріне қою.Тәрбиеші көкөністермен жемістерді бір балаға дәмін таттырып көзін жұмғызып «жақсылап шайнап қандай жеміс көкөніс екенін тауып айт». Балалар орындағаннан кейін тәрбиеші жемістермен сый көрсетеді.


«Торғайлар мен автомобиль»

Бір бала автомобиль, қалған балалар торғайлар болып орындықтарда отырады. Тәрбиеші торғайларға жем шашып шақырады. Торғайлар жем тере бастаған кезде зырылдап автомобиль келеді. Торғайлар автомобильден қашып орындықтарына отыра қалады.


Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, шапшандыққа үйрету.


Құстардың ұшып келуі

Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ қарлығаштар, екіншісі торғайлар. Тәрбиеші қарлығаштар ұшып келді дегенде қарлығаш тобындағы балалар алаңға құстар секілді қолдарын жайып ұшып келеді. Торғайлар ұшып келді дегенде торғайлар тобындағы балалар ұшып келеді.




Сақина жасыру
Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді. Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерінің үстіне алақандарын жаяды. Бастаушы жабулы қолын әрбір ойыншының алақанына салысымен,ол бала алақанын жаба қояды.Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен-«Сақина кімде»-деп сұрайды. Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын ауыстырады. Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді. Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.

«Өзара айырмашылығын тап»
Мақсаты: 1.Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын тапқызу.
2.Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін жетілдіру.
Көрнекілік: бала санына (15 дана) суреттер жинағы.
Барысы: Әр балаға суреттер таратылып беріледі. Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын тапқызу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет