«бекітемін» Мектеп директоры: Д. С. Жайсанбаева


) Зияткерлік тәрбие құндылығы



бет8/20
Дата04.11.2022
өлшемі139,17 Kb.
#47398
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
7) Зияткерлік тәрбие құндылығы білім құндылығын; зияткерлік ұстанымның құндылығын; әрбір тұлғаның көшбасшылық қасиеттері мен дарындылық құндылығын; ал ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу – кибермәдениет мен кибергигиенаны қалыптастырады.
Зияткерлік тәрбие лингвистикалық, музыкалық, логикалық-математикалық, кеңістіктік, дене-кинестетикалық, тұлғааралық зияткерлікті дамытуға бағытталуы керек.
Зияткерлік тәрбиенің кілті білім алушыларда эмоционалды зияткерлікті қалыптастыру болуы керек. Әдістемелік нұсқаулық ретінде «Денсаулық пен өмірлік дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу» бағдарламасы аясында әзірленген мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал ұсынылады (3 модуль. Эмоционалды интеллект және тұлғааралық қарым-қатынас) «Bilim Foundation», 2017.
Оқушылардың зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттері мен дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті, сондай-ақ ақпараттық мәдениетті қалыптастыру мектептегі тәрбие жұмысының маңызды компоненттерінің бірі болып табылады.
«Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың дебаттық қозғалысы жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру білім алушыларды пайымдауға, талдауға және сыни ойлауға, командада жұмыс істеу дағдысын дамытуға, қарама-қарсы пікірге құрметпен қарауға, өз көзқарастары мен пікірлерін белсенді қорғауға үйретеді. Зияткерлік жарыс ретінде пікірсайыстарды сабақта және сабақтан тыс уақытта жоғары сыныптарда өткізген өте қолайлы. Қазіргі заманауи әлемде пікірсайыстар әртүрлі салаларда қолданылып, танымал бола бастады: саясат, бизнес, қоғамдық қызмет, білім беру, психология және т. б.
«Оқушылар мен студент жастардың дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасының ережесі «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 35-тармағына сәйкес және халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірленді.
Дебат қозғалысының жалпы стратегиясы, мақсаты мен міндеттері бар, ол мектеп оқушыларын еліміздің әр өңірінде дебаттық орталықтар, клубтар құру арқылы дебаттық қозғалысқа жаппай тартуға бағытталған.
«Оқушылар мен студент жастардың дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК сайтында орналасқан. https://www.ziyatker.org/debatnoedvizheny).
Ақпараттық мәдениет мақсатында білім алушыларға интернет-кеңістікте өзін-өзі ұстау мәдениетін: қарым-қатынас мәдениетін, өз ойын білдіруді, әңгімелесушінің пікірін құрметтеуді, этикалық нормаларды сақтауды дағдыландыру маңызды. Оқушылардың өзін-өзі басқару аясында балалар мен жасөспірімдердің интернет-тәртібі мен қарым-қатынасы мәселелерін қарастыруды тәжірибе жүзінде қолдану аса құнды. Отбасы мен мектептің ынтымақтастығы «Балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі №169-VI Заңы аясында зорлық-зомбылықты, суицидті насихаттайтын интернет желісіндегі белгілі бір сайттарға балалардың қол жеткізуін бақылауды қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.
Жалпы білім беру ұйымдарының тәрбие жұмыстарының жоспарына кибермәдениет және кибергигиена, оның ішінде білім алушылардың кибер қауіпсіздігі және ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды қосу қажет.
Халықаралық тәжірибені ескере отырып, білім алушыларды мектеп қабырғасынан бастап хакерлердің желілік шабуылдарынан қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін дағдыларды үйрететін киберқауіпсіздікке оқыту керек. Киберқауіпсіздік, кибергигиена, кибермәдениет мәселелері бойынша мектепте оқыту семинарларын ұйымдастыру үшін материалдарды келесі сайттардан табуға болады:

  • https://cybersecuritymonth.eu/press-campaign-toolbox/ecsm-material/cybersecurity-spaces-workshops-on-cybersecurity-for-high-school-students (бұл сайтта «Ресурстар» бөлімінде пайдалы болатын құжаттар бар);



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет