«бекітемін» Мектеп директоры: Д. С. Жайсанбаева


) Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие білім алушылардың бойында



бет6/20
Дата04.11.2022
өлшемі139,17 Kb.
#47398
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
5) Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие білім алушылардың бойында еңбек ең жоғары құндылық ретінде; шығармашылық еңбек; еңбек мәдениеті; экономикалық сана-сезім; мамандық; мансап; функционалдық сауаттылық; компьютерлік сауаттылық; жаһандық экологиялық сана-сезім; экомәдениет құндылығы, экологиялық мәдениет; табиғатқа ерекше құндылық ретіндегі сүйіспеншілік сезімі; туған жерге және кіші Отанға деген сүйіспеншілік сезімі тәрізді құндылықтар қалыптастыруға көмектеседі.
«Еңбек – елдің мұраты» жобасы шеңберінде өзінің кәсіби саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізген табысты адамдардың өмірі мен қызметі кеңінен танымал, орта білім беру деңгейлеріндегі білім алушылар үшін кәсіптік бағдарлау жұмысы күшейтіледі, табанды еңбектің құндылығы жаңа деңгейге көтеріледі, бұл өскелең ұрпақ үшін рөлдік модель болуға тиіс.
Мектептегі еңбек тәрбиесі – бұл практикалық тәжірибе, алғашқы еңбек дағдылары мен әдеттерін беру, олардың шығармашылық ойлауын, еңбексүйгіштігін дамыту мақсатында әлеуметтік пайдалы еңбектің әртүрлі педагогикалық ұйымдастырылған түрлеріне тарту процесі. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу: қолөнер көрмесі, сыныпты тазалау, гуманитарлық көмек, мектепті көгалдандыру және абаттандыру, шеберлер турнирі, игі істер апталығы, көңілді шеберлер қаласы, мектепті жеңіл жөндеу, еріктілер актісі, қамқорлық көрсету аймағы, еңбек десанты, мектеп жөндеу бригадасы секілді түрлі іс-шараларды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Мектеп түлектерінің болашақ мамандығын таңдауының тиімді шараларының бірі – білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысы. Кәсіптік бағдар беру мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде, білім алушылармен сабақтан тыс және мектептен тыс жұмыстар арқылы жүзеге асырылады. Бұл өмірге келген адамға кәсіби бағдарлауды дамыту үшін мамандықты немесе тәрбие жұмысының жүйесін ғылыми тұрғыдан таңдауға, білім алушыларға кәсіби өзін-өзі анықтау сәттерінде көмек көрсетуге ықпал ететін іс-шаралар жүйесін жүргізу.
Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысы мектеп түлектерінің болашақ мамандығын таңдауының тиімді шараларының бірі болып табылады. Болашақ мамандықты таңдау қазіргі уақытта жаңа мамандықтардың күн сайын пайда болуымен, ал ескілері өзектілігін жоғалтуымен немесе мүлдем жаңа нәрсеге айналуымен күрделенетініне педагогтердің назар аударуы маңызды.
Сондықтан мектептерде осы бағыттағы жұмысты оқу-тәрбие процесі, оқушылармен сабақтан тыс және мектептен тыс жұмыс арқылы жандандыру маңызды. Өмірге жаңадан қадам басқан адамға өзін-өзі кәсіби анықтау аясында мамандықты ғылыми тұрғыдан таңдауға көмектесетін іс-шаралар жүйесін жүргізу ұсынылады.
Білім алушыларға кәсіптік бағдар беру бағытында мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, машина жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, энергетика, туризм, тау-кен металлургия кешені және құрылыс сияқты негізгі 9 сала бойынша «Еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласы» ұлттық жобасы әзірленді.
Бұл құрал біздің балаларымызға өмірдегі басты таңдаудың бірі – мамандықты дұрыс таңдауға көмектеседі. Атласты құрастырған сарапшылардың болжамы бойынша болашақта 239 жаңа мамандық пайда болады, 129-ы жойылып, 95-і қатты өзгерістерге ұшырайды.
 

Жаңа кәсіптер Атласымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.enbek.kz/atlas/.



Кәсіби бағдар беру жұмысын дұрыс ұйымдастыру мақсатында:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 150 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында білім алушылардың кәсіби бағдарын анықтау және диагностикасын жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарды;
- орта мектептің 7-11-сынып оқушыларының кәсіби диагностикасын жүргізу бойынша құралдарды пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдарды;
- Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың мамандық таңдау кезінде отбасы, мектеп және жұмысқа орналасу органдарының өзара іс-қимылы бойынша әдістемелік ұсынымдарды (https://www.nao.kz) пайдалану ұсынылады.
Оқушылардың экономикалық тәрбиесі олардың жеке мүмкіндіктерін ашуға бағытталған, атап айтқанда, үнемділік, тапқырлық, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және «Көркем еңбек», география, математика, физика, биология және химия, кәсіпкерлік және кәсіп негіздері сияқты оқу пәндерін оқу арқылы жүзеге асырылады.
Прагматизмді өмір салты ретінде білім алушылардың құндылық бағдары жүйесіне енгізу, қолда бар мүмкіндіктерді дұрыс пайдалану мен бөлуді қалыптастыру мақсатында «Үнем – қоғам қуаты» жобасы іске асырылуда. Бұл жобаның міндеті мінез-құлық трендтерін қалыптастыру, прагматикалық дағдыларға, тайм-менеджментке, қаржы ресурстарын сақтау және ұтымды әдеттерді дамыту мәселелері бойынша сыни ойлауға үйрету болып табылады.
Экономикалық тәрбиенің арқасында оқушылар экономика, экономикалық қатынастардың дамуы туралы идеялар мен түсініктерді меңгереді, нарықтық ортада бағдарлай алады және өз қызметін экономикалық тұрғыдан тиімді жүзеге асыра алады. Сыныптан тыс жұмыстарда экономикалық сананы тәрбиелеудің негізгі құралдары мен формаларын: тақырыптық сынып сағаттары, экскурсиялар, пікірталастар, рөлдік ойындар және т.б. қолдану. Мысалы, «Іскерлік қарым-қатынас этикасы» сынып сағаттары; «Жарнама жасау өнері», кәсіпорындарға экскурсиялар, «ХХІ ғасыр менеджері», «Бастаушы көшбасшы нені білуі керек?»; «Кәсіпорындардағы қақтығыс жағдайларын шешу» рөлдік ойыны және т.б.
Экономикалық тәрбие – экономикалық ойлауды дамытуды, экономикалық қызметте қалыптасатын адамгершілік және іскерлік қасиеттерді: қоғамдық белсенділікті, іскерлікті, бастамашылдықты қалыптастыруды; қоғамдық игілікке, шаруашылыққа ұқыпты, адал қатынасты; технологиялық процестер мен жабдықтарды жаңартуды, жоғары сапаны, жеке табыс пен игілікті қамтамасыз етуі тиіс.
 

Білім беру ұйымдарында бекітілген тақырып негізінде айына бір рет 1-11-сыныптар аралығында экология бойынша сынып сағаттарын өткізу тәжірибесі өзекті болып қала береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет