«бекітемін» Мектеп директоры: Д. С. Жайсанбаева


«Психологиялық қызмет және мектептегі татуласу қызметтерін ұйымдастыру»



бет4/20
Дата04.11.2022
өлшемі139,17 Kb.
#47398
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
«Психологиялық қызмет және мектептегі татуласу қызметтерін ұйымдастыру» жобасын іске асыру педагогтерге «тәуекел тобындағы» балаларды анықтауға және оларға уақытылы көмек көрсетуге, мектептегі зорлық-зомбылықтың жолын кесуге, кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алуға көмектеседі, өйткені бүгінгі күні бұл проблемалар жасөспірімдер арасында орын алуда.
Осы бағытта әдістемелік көмек ретінде «Bilim Foundation» қоғамдық қоры әзірлеген бейнематериалдар педагогтер мен ата-аналар үшін үлкен қызығушылық тудырады (сайттарға сілтеме: https://zhastar.org/application/parentspage, https://zhastar.org/application/ studentspage#1).
Ұсынылған материалдардың құндылығы қазіргі білім алушы жастардың арасында жиі кездесетін мәселелерді көрсетеді және түбегейлі шешуді қажет ететіндігінде.Бұл жасөспірімдер арасындағы буллинг, кибербуллинг, психикалық денсаулықтың, репродуктивті денсаулықтың, ментальды денсаулықтың және т.б. бұзылуы. Бейнематериалдардың мазмұндық контенті, форматы мен ұзақтығы, қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді баяндалу тілі, шынайы өмірден алынған мысалдар/жағдаяттар, тақырыптардың көп өлшемділігі бейнематериалдардың тартымды жақтарының бірі болып табылады.
Бейнежазбалар білім беру процесінің барлық қатысушыларына: ұстаздарға, білім алушыларға және ата-аналарға, сонымен қатар білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтері мен мектептердің татуластыру қызметтеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.
Бұл бейнематериалдар «тәуекел тобына» кіретін балаларды анықтау және оларға дер кезінде көмек көрсету, буллингтің жолын кесу мақсатында психологиялық қызметтердің жұмысы күшейтілетіндігі 2020-2025 жылдарға арналған БҒДМБ мазмұнында өзекті болып табылады.
Сондай-ақ «Әдепті адам – әдемі адам: балалар мен жасөспірімдер арасында бейәлеуметтік құбылыстардың алдын алу» әдістемелік ұсынымдары және 2020 жылы Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген нашақорлық, темекі шегу және алкоголизмнің алдын алуды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар https://www.nao.kz. сайтында орналастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет