«Сұрақты тауып ал» бірнеше сөйлем бір сұрақтың жауабы болады.
«Мұғалімге хат жазу». Сабақ аяғында оқушылар өтілген тақырып бойынша сұрақ қояды немесе түсінбеген, түсініксіз сұрақтар бойынша ұсыныстарын жазады.
« Эссе жазу». 3 минут ішінде өтілген тақырып бойынша не түсінгенін жазады. Сабақты қорытындылауға өте тиімді әдіс- тәсілдің бірі.
«Сұхбат алу».Ортаға үш оқушы шақырылады. Екі оқушы бір-бірімен тақырып бойынша сұхбат құрады. Үшінші оқушы түсінгенін әңгімелейді.
«Қалың және жұқа сұрақтар» әдісі. Бұл әдіс топ жұмысы барысында оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар құру тапсырылады.
«Логикалық тізбекті ажырату».Бұл әдісті сабақ қорытындысын шығару кезінде қолданған тиімді.Оқушыларға тақырыпқа сәйкес негізгі сөздер тізбегін жүйелілікке келтіру тапсырылады.
«Ақпаратпен бөлісу». 1-ші оқушыда ақпараттың 50% бар. 2-ші оқушыда ақпараттың 50% бар. Жұптар бір-бірінің ақпараттарын толықтырады. Жұптар сыныппен жұмыс жасайды.