«Ысқыру диктанты» тәсілін өз тәжірибиемде көп қолданамын. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін артырады.
«Құрылысшы ойыны» өте тиімді тәсіл . Мәтін бөліктерін тез жинау.
Оқу шапшандығын , және өз ойын еркін жеткізу қабілетін дамытудағы үлесі зор екендігіне көз жеткіздім.
«SVOT» әдісі оқушының өзін және өзге топты бағалауына өте тиімді.
Әдебиет сабағында кейіпкерлерге мінездеме беру,олардың жақсы-жаман қылықтарын ажырата білу дағдыларын арттырады.
«Көршіңмен сырлас».Бұл әдіс оқушылардың өз ойын ауызша білдіруіне үйретеді. Сұрақ қойып, ойлануына уақыт беріңіз. Өз ойын көршісімен бөлісіп, ақылдасуын сұраңыз.
« Температура өлшеу әдісі ».Бұл әдіс топтық жұмыс барысында мұғалім топ жұмысын бақылау үшін «біз не істеп жатырмыз?» деген сұрақ қою арқылы оқушылардың жұмысы нәтижелі болу үшін бағыт береді.
«Сұраққа жылдам жауап».Тақырыпты терең түсіну және оқушылардың назарын сабаққа аударып,ой-өрісін дамыту мақсатында төмен дәрежелі сұрақтарға толық жауап қайтару тапсырыңыз.