Бекітемін: _______________
Мектеп директоры: Сайткен М.Н
« _____ » ___________2024ж
«Қаралды»
Хаттама № « » ________ 2024ж.
Бірлестік жетекшісі Кабдуалиев Д.Б
__________________
Келісемін:_________________
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Муханов Б.Е
« _____ » ___________2024ж
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Сыныбы: 5 -сынып
Пәні: қазақ тілі
Пән мұғалімі: Зейнуллина Н.Б
Сағат саны: 108 сағат , аптасына 3 сағат
Баспасы: «Атамұра» 2017 жыл Авторлары: Ж.Дәулетбекова, Г.Қосымова
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 23 қыркүйекте № 29767 болып тіркелген Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
2023-2024 оқу жылы
Түсінік хат
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі»
оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. Қазақ тілі пәнін оқыту мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
3. «Қазақ тілі» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану;
2) тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу;
3) аудиовизуалды материалды тыңдау барысында өз көзқарастарын білдіру;
4) мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, анализ жасау дағдыларын қалыптастыру.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
5. Оқу мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады:
1) тыңдалым және айтылым;
2) оқылым;
3) жазылым;
4) әдеби тіл нормаларын сақтау.
6. «Тыңдалым және айтылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) болжау;
2) әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау;
3) мәтіннен ақпаратты анықтау;
4) негізгі ойды анықтау;
5) тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау;
6) сөйлеу мәдениетін дамыту.
7. «Оқылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) ақпаратты түсіну;
2) мәтіннің стильдік ерекшелігін тану;
3) мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату;
4) мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу;
5) мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау;
6) оқылым стратегияларын қолдану;
7) әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.
8. «Жазылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) жоспар құру;
2) әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру;
3) жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну;
4) эссе жазу;
5) оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу;
6) мәтіндерді түзету және редакциялау.
9. «Әдеби тіл нормаларын сақтау бөлімі» келесі бөлімшелерден тұрады:
1) орфографиялық норма;
2) орфоэпиялық норма;
3) лексикалық норма;
4) грамматикалық норма;
5) пунктуациялық норма.
10. 5-сыныпқа арналған "Қазақ тілі" оқу пәнінің базалық білім мазмұны:
1) тыңдалым және айтылым:
тірек сөздер арқылы тақырыпты болжау, негізгі ойды анықтау, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау, қыстырма, қаратпа, одағай сөздер арқылы өз ойын білдіру;
2) оқылым:
мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтін арқылы тану, хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы, жанрлық ерекшеліктері, ауызекі сөйлеу стиліндегі мәтіндер, оқылым стратегияларын қолдану, қажетті ақпаратты таба білу;
3) жазылым:
мәтін бөлімдеріне (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды) жоспар құру, хат, хабарлама, жарнаманы жанрлық ерекшеліктеріне сәйкес жазу, сюжетті суреттер негізінде әңгіме жазу, эссенің бөлімдерін меңгеру (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды), мекен мен оқиғаны сипаттайтын не суреттейтін эссе жазу;
4) әдеби тіл нормалары:
орфографиялық норма: қазақ тілінің дыбыстар жүйесі, үндестік заңы, емле заңдылықтары;
орфоэпиялық норма: ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал;
лексикалық норма: сөздердің тура және ауыспалы мағынасы, көп мағыналы сөздер, синоним, омоним, антоним;
грамматикалық норма: туынды сөздер, күрделі сөздер, зат есімнің мағыналық түрлері, сын есім, шырай категориясы, сан есім, мағыналық түрлері, төл сөз бен төлеу сөз, автор сөзі;
пунктуациялық норма: төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |