4. Байқауға қатысу тәртібі 4.1 Байқауға жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық өтіліне қарамай, жаңашыл жұмыс тәжірибесі бар және оқыту тәжірибесінде табысты оқытуға қол жеткізіп жүрген мұғалімдер өздерінің сабақ жоспарын ұсына алады.
Үміткер: 1) Байқауға қатысушы үміткер қысқа мерзімдік жоспарын, 250-300 сөзден тұратын рефлесиялық жазбасын және осы жоспар бойынша өткізілген сабақтың бейнежазбасын ұсынады.
2) Бейнежазбада қысқа мерзімді жоспар бойынша өткізілген сабақтың оқу мақсаты бойынша тақырыптың ашылуы, белсенді оқу әдістерінің пайдаланылуы, кері байланыстың ұйымдастырылуы, рефлексияның жасалуы секілді үміткердің жаңалық деп есептеген бөлігінің қысқаша бейне файлы (7-10 минут аралығында) көрсетіледі.
3) Облыстық байқауға ұсынылған материалдар сараптамадан өткізіліп, үздік жұмыстар «Сабақты жоспарлау: мақсат қою, дамыту, рефлексия» Үздік қысқа мерзімді жоспар – 2023» электронды жинағында жарияланады.
Ұйымдастыру және сараптау тобы: - байқауға қатысушылардың өтінімдері мен материалдарын қабылдайды;
- сараптама комиссиясының құрамын бекітеді;
- ақпараттық қолдау ұйымдастырады;
- ұсынылған материалдарды бағалайды және марапатқа ұсынады.
7. Материалдарды бағалау критерийлері Байқауға ұсынылған сабақтар төмендегі негізгі өлшемдер бойынша сарапталады:
- сабақ мақсатының (мақсаттарының) сабаққа негізделген оқу мақсатына (мақсаттарына) және SMART критерийлеріне сәйкес дұрыс қойылуы;
- қолданылған әдіс-тәсілдер мен стратегиялардың тиімділігі;
- сабақта өздігінен оқу, өзін-өзі реттеу, сын тұрғысынан ойлауға үйрету талаптарының жүзеге асырылуы;
- оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмалар мен әдіс-тәсілдерді саралап ұйымдастыруы;
- жүргізілген қалыптастырушы бағалау тәсілдерінің тиімділігі;
- сабақта сандық білім беру және қосымша ресурстарды тиімді пайдаланудың жоспарлануы;
- мұғалімнік кәсіби шеберлігі, сыныппен, оқушылармен қарым-қатынасы, тіл табыса білуі;
- оқушылармен кері байланыстың жүзеге асырылуы;
- сабақ мақсаты мен күтілетін нәтижелердің орындалуы;
- сабақ бойынша жасаған мұғалімнің өзіндік рефлексиясы;
- ұсынылған бейне файлдың ҚМЖ-ға сәйкес болуы.