Топтық жұмыс
Ой қозғау
Ендеше, ойымызды ширату мақсатында ой қозғау үшін топтық тапсырмалар беремін.
« Концептуалды карта » әдісімен орындалады.
1-топ
Септіктің атауы
|
Сұрағы
|
Жалғауы
|
|
|
|
2-топ
Сәйкесін тап. Сөздер мен септіктерді сәйкестендіру
Әже Табыс септік
Шебердің Жатыс септік
Гүлге Шығыс септік
Кітапты Атау септік
Қалада Ілік септік
Таудан Барыс септік
3-топ Пазл құрастыру
Септіктің аты,сұрағы , жалғауы қиылған қима қағаздар таратылады. Пазл құрастырады
Жаңа сабақ.
Балалар біз алты септікпен таныстық. Енді жетінші септік қандай септік екен?
Көмектес септігіндегі зат есімдер кіммен?немен? Кімдермен? Нелермен? деген сұрақтарға жауап береді.Көмектес септігі атау септігіндегі сөздерге –мен,-бен,-пен жалғаулары жалғанады. Бұл жалғауларды Көмектес септік жалғаулары деп атаймыз.
Дәптермен жұмыс. Балалар күннің ретін жазып, тақырыпты жазып , жаттығумен жұмыс жасаймыз. 68-жаттығу
Тұмсығымен ояды
Ұя салып қояды
Табыңдаршы,балалар
Ол қандай құс болады?
.Шешуі: Тотықұс
Немен? Тұмсығымен Көмектес септік,тұрлаусыз мүше
69-жаттығу
Жұптық жұмыс
Сөйлемдерді көшіріп жаз. Көмектес септігіндегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болып тұр?
Мұхиттар теңіздермен жалғасып жатыр. 1-топ Ақбидай күннің нұрымен, жаңбырдың суымеен өседі.2- топ Гүлсім табиғатты аялау туралы әңгімені зор ықыласпен тыңдады.3-топ Марат мұзайдынға атасымен келді.
70-жаттығу Топтық жұмыс
1-топ Мәтінді түсініп оқиды
2-топ Мәтінге ат қояды
3-топ Көмектес септігіндегі сөздерді теріп жазады.
Құрлықтың айнала сумен қоршалған бөлігі арал деп аталады. Бір-біріне жақын жатқан аралдар тобы аралдар шоғырын құрайды. Оны топарал дейді. Теңіз толқындары жүздеген жыл бойы жағаны шайып бұзады, одан құрлықтың белгілі бір өңірін бөледі . Әуелі әлгі жер бөлігі құрлықпен жіңішке мойнақ арқылы жалғасып жатады да , түбек деп аталады. Бірте-бірте мойнақты су бұзғаннан кейін арал пайда болады.
Сергіту сәті
Балалар өздеріне жеке-жеке сөздер беріледі, шапшаң орындап шығады. Сөзді жеті септікке септейді.
71-жаттығу Тақтамен жұмыс Кім жылдам?
Ұйқасына лайық сөзді қойып, өлеңді көшіріп жазады.
Тұмсығымен шымшып,
Құрт тереді (шымшық)
Сылдыр қағып,
Таудан құлап ,
Жатыр ағып,
Мөлдір (бұлақ)
72-жаттығу Жеке жұмыс
Сөздерді оқы. Тек көмектес септігінде тұрған сөздерді торға түсіру
Қылқаламмен, теңізшіде, тағада, кітаппен, шымшық, еңбекті, құрлықтың, таудан;
Жұптық тапсырма
Семантикалық карта
Қорытындылау
Тест жұмысы
|
Топқа бөліне отырып топтық жұмыс жасап тапсырмаларды орындайды. Орындап болған соң топтық тапсырмаларын қорғайды.
Сәйкесін тап.Төмендегі сөздерді пайдаланып септіктерімен сәйкестендіріп шығады.
Топпен бірге қиылған қағаздардан септіктің сұрақтарын, жалғауларын,аттарын табады.
Достарыңызбен бөлісу: |