Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)
2. Өлеңді түсініп оқы.
Туған тілім
Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім – анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!
Туған тілім – адам тілі – өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!
Дихан Әбілов
3. Ақынның туған тіл деп отырғаны қай тіл?
4. Өлеңдегі туған тіл деген тіркестің орнына қазақ тілі
деген сөзді қойып, дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқы.
5. Өлеңді жаттап ал.
Дескриптор:
мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.
шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.
берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау
|
Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.
Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)
«Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі арқылы суретпен және мәтінмен жұмыс жасайды.
Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау
|