21 ғасырдағы педагог-психологтың технологиялық құзіреттілігі Қасымбекова Маржан Дүйсенбекқызы



Дата08.01.2023
өлшемі31,03 Kb.
#60672

УДК 37.01
21 ғасырдағы педагог-психологтың технологиялық құзіреттілігі


Қасымбекова Маржан Дүйсенбекқызы
Болашақ университететінің
Педагогика, дефектология кафедрасы
ә.ғ.м., аға оқытушы
Тулеубай Аяжан Алтынбекқызы
Болашақ университетінің
Педагогика және психология мамандығының
4 курс студенті
Қызылорда қаласы


Түйіндеме: 21 ғасырдың педагог-психологының құзыреттілігі – ең алдымен педагогикалық және психологиялық іс-әрекетке кәсіби дайындық деңгейі жоғары және білім беру іс-әрекетінде студенттермен тиімді өзара әрекеттесетін тұлғаның белгілі бір сапаларының үйлесімі деп айтуға да болады.
Тірек сөздер: Педагог, құзіреттілік, тренинг, рефлексия, педагог-психологтың құзыреттілігі.
Резюме: Можно также сказать, что компетентность педагога-психолога 21 века – это прежде всего сочетание определенных качеств личности, обладающих высоким уровнем профессиональной подготовки к педагогической и психологической деятельности и эффективно взаимодействующих со студентами в образовательной деятельности.
Ключевые слова: Педагог, компетентность, тренинг, рефлексия, компетентность педагога-психолога.
Summary: It can also be said that the competence of a teacher-psychologist of the 21st century is primarily a combination of certain personality qualities that have a high level of professional training for pedagogical and psychological activities and effectively interact with students in educational activities.
Keywords: Teacher, competence, training, reflection, competence of a teacher-psychologist.
«Бала балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа құйып, қандай мүсін жасаймын десе де мұғалімнің қолында» деген Ушинскийдің қанатты сөзі аталған талапты іске асыру барысында педагог-психологтарды үлкен жетістіктерге жетелейді, яғни, берілген жауапкершілігін абыроймен атқарады.
Болашақта маман ретінде бәсекеге қабілетті XXI ғасырдың шәкірттерін тәрбиелеу – білім беру саласының алдында тұрған ең басты міндеттердің бірі болып саналады. Сондықтанда, сондай дәрежеге сай ұстаз – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз, еңбекқор педагог, өз ортасының ұйтқысы, жан-жақты шебер, терең тұңғиықтай қазыналы, білімпаз, белсенді патриот, ғаламдық мәселелер туралы өзіндік пайымы бар, өз ісін жаһандық талаптарға сәйкес жоғары деңгейде әрі қарай алып кететіндей болғанда ғана, қоғамның мықты да алғыр, мәдениетті, жан-жақты дамыған, шығармашылық деңгейі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру және оны тәрбиелеу жолында жақсы нәтижеде болады.
Ең әуелі, «педагог» деген ұғымды қарастыратын болсақ, білім мен тәрбиеге аса ден қоятын маман иесі. Ал «психолог» деген ұғым – бала жанының және жүйке жүйесінің емшісі, қорғанышысы, көмекшісі болып табылып және өзгелердің жанын ауыртпай, керісінше күйзеліске түскен жандардың жанына жылу беріп, дауа іздейді. Психолог мамандығының бірден-бір ерекшелігі де осында! Міне, барлық жақсылық атаулының бәрін жүрегіне, ақылы мен санасына жинаған ізгі жан иесі педагогика және психология мамандығын айтуымызға болады!
Педагог-психолог мамандары өз құзырлығына ешқашан басымдық жасауға әрекет етпейді. Педагог-психолог кеңестерінен кейін көптеген адамдар өзіне Сенімділік жинап, өзіне сенім артып, тығырықтан шығу жолын тауып, қанағаттанып алға ұмтылыс жасап жатса-бұл үлкен жетістік. Міне, пелагог-психолог мамандарының бір ерекшелігі де осында!
Педагог-психологтың кәсіби құзіреттілігі – сапалы білім берудің негізі, оның жан–жақты білім құмарлығы, педагогикалық және психологиялық шеберлігімен, оқытудың жаңа тәсілдерін білуімен бағаланады. Педагог-психолог жеткілікті деңгейде білімді, шығармашылыққа жақын болса, оның құзыреттілік аясында да соғұрлым маңызы зор болмақ. [1, 12 б.]
Қазіргі заман педагог-психологы – кәсіби маман ретінде оның шеберлігі білім жағынан деңгейі арқылы көрінеді, өзін-өзі дамыту, яғни кәсіби қызметті орындау үшін қажет қасиеттерді мақсатты түрде қалыптастыру. Осы заманғы педагог-психологтың шеберлігінің айрықша ерекшеліктері – үнемі өзін-өзі дамытып отыру, өзін-өзі бақылауға алу.
21 ғасырдың педагог-психологының құзыреттілігі – ең алдымен педагогикалық және психологиялық іс-әрекетке кәсіби дайындық деңгейі жоғары және білім беру іс-әрекетінде студенттермен тиімді өзара әрекеттесетін тұлғаның белгілі бір сапаларының үйлесімі деп айтуға да болады.
Жаңа заманғы білім берудің сапасына тоқталатын болсақ, ғалымдардың көпшілігі көп өлшемді жүйелік сипаттама ретінде қарастырады, ондағы нәтиженің сапасы, яғни мамандарды даярлау сапасы және осы сипаттаманың жетекші компоненті ретінде қарастырылады. Кәсіби педагогикалық-психологиялық оқыту нәтижесінің сапасы студенттің кәсіби дайындығының қазіргі «уақыттың сын-қатерлеріне» сәйкестігі ретінде түсіндіріледі және «кәсіби құзыреттілік» ұғымы арқылы қарастырылады.
«Құзыреттілік» терминінің өзі «құзыретті» деген сөзінен шыққан. «Құзыретті» сөзі (латын тілінен аударғанда – сәйкес, қабілетті) дегенді білдіреді.
Шын мәнінде, Құзыреттілік ұғымы «құзырлық» анықтамасымен тығыз байланысты. Түрлі түсіндірме сөздіктерді мысал ретінде келтірсек, (Совет энциклопедиялық сөздігі 1989 ж, Орыс тілінің сөздігі 1988 ж.) «құзыреттілік» ұғымын түсіндіру мазмұны жағынан бір-бірінен біршама өзгеше болғанымен, екі жалпы аспектіні қамтитынын ескеру керек:
1) «мәселелер шеңберін шешу жолдары»
2) «белгілі бір саладағы білім мен тәжірибе», яғни құқықтар мен өкілеттіктер арасында айырмашылықтың жоқ екенін және осы құқықтардың іске асырылу дәрежесі. Біздің ойымызша, бұл тұжырымдаманы шетелдік сөздер сөздігі арқылы түсіндіру дәлірек болады, мұндағы «құзыреттілік» анықтамасы: адамның білімі, тәжірибесі, кез-келген мәселелер шеңберін шешу». [2, 26 б.]
Қазіргі заманғы педагог-психолог технологиялық құзыреттілігінің кәсіби біліктілігі:
-Педагог-психологтың шығармашылықпен айналысуы және меңгеруі;
-Ғылыми түрде жағдайы және бәсекеге қабілетін дамытуға деген құштарлығының болуы;
-Объективтілік, дербес іс-әрекетшілдігі мен максаттылығы, өзара кез-келген сынды кабылдай білуі;
-Өзін жаңашыл және көшбасшылық қабілетке ие маман тұрғысында дәлелдей алуы.
Егер біз жоғарыда айтылған ұғымдарды синтездейтін болсақ, онда құзыреттілік дегеніміз, бір жағынан, лауазымды тұлғаның практикалық міндеттерін шешуде жауапкершілікті анықтайтын техникалық тапсырма, екінші жағынан, өзінің білімі, тәжірибесі, дағдылары – белгілі бір адамның осы өкілеттіктер ауқымын жүзеге асыруы деп негіз ретінде айтуға болады.
Қазіргі кезеңде көптеген адамдар педагог- психологтың құзыреттілігіне не кіретінен бейқам болғандықтан педагог- психолог мамандардың көмегіне көп сүйене бермейді.
Сондықтанда, педагог-психолог мамандарының құзыреттілігін ашып тоқталып өтетін болсам, «құзыреттілік – өз ісін орындай алатын жұмыстың мәнін, құбылыстар мен процестердің күрделі байланыстарын, сондай-ақ педагогика мен психология заңдары саласындағы терең білімнің болуы. Бұл жағдайда құзыреттілік «білім» және «белсенділік» ұғымдары арқылы ашылатынын ұмытпау керек.
Біздің ойымызша, педагогикалық және психологиялық құзыреттілік – бұл кәсіби педагогикалық іс-әрекетті түсіну мен жүзеге асыруды қамтамасыз ететін білім, интеллектуалды және пәндік-практикалық дағдылар мен әдістер жүйесі. Педагогикалық- психологиялық құзыреттіліктің сипаттамаларына мыналар жатады: сөздің толықтығы, тереңдігі, жүйелілігі, хабардарлығы, күші, тиімділігі және басқалары. Әрбір білім беру біліктілігінің өзіндік құзыреттіліктің стандарттық деңгейі болады.
ХХІ ғасырдың педагог – психологтарының кәсіби құзыреттілігі – білім, өмірлік тәжірибе, құндылықтар мен бейімділіктерді қолдана отырып, кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің нақты жағдайларында туындайтын кәсіби мәселелерді және типтік кәсіби міндеттерді шешу қабілетін анықтайтын ажырамас сипаттама ретінде түсініледі. Құзыреттілік әрдайым педагог-психологтың кез-келген іс-әрекетінде көрінеді: пәндік-ақпараттық, белсенділік-коммуникативті, құндылық-бағдарлық. Шынайы емес құзыретті ашу мүмкін емес. Педагог-психологтардың құзыреттілігі кәсіби мәселелерді шешу кезінде көрінеді. Бұл ретте әрдайым құзыреттілік көрінетін жағдайды ескеру маңызды. Құзыреттіліктің табиғаты соншалық, ол өзін тек адами құндылықтармен органикалық бірлікте, яғни қызметтің осы түріне терең жеке қызығушылық жағдайында таныта алады. Іс жүзінде жеке құндылығы бар іс-әрекеттің мазмұны белгілі бір нәтижеге немесе мінез-құлық режиміне қол жеткізуі мүмкін.
Құзыреттілікке негізделген тәсіл кәсіптік білім беруді ұйымдастырудың принципті түрде басқа логикасын, атап айтқанда, жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар топтық, жұптық, ұжымдық сипаттағы мәселелерді шешу логикасын белгілейді.
ХХІ ғасырдың педагог-психологтарының құзыреттілігінің көрінісі көптеген ғалымдардың пікірі бойынша адамның интегративті және аналитикалық қабілеттерін дамытуға негізделуі керек деп санады. Қоғамдық дамудың динамикасы адамның кәсіби қызметі оның кәсіби мансабының барлық кезеңінде алдын-ала анықталмаған деп болжайды және үздіксіз білім алу қажеттілігін, оның кәсіби құзыреттілігін үнемі жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Педагог-психолог мамандығының құзіреттілігінің қарапайым технологиялық ерекшіліктері:
-маман иесінің кез-келген жерде өзін-өзі ұстай алуы;
-заман талабына сай білімін жетілдіруі;
-педагог-психологқа тән ұйымдастырушылық қабілетінің қалыптасу;
-өзінің көшбасшылық қабілетін орынды қолдана білуі;
-адамдардармен байланыс кезінде әдептілік пен мәдениеттілікті сақтауы.
Педагог-психологтардың технологиялық құзіреттілігінің бір бөлігі ретінде «тәжірибелік» ұғымын жатқызуға болады. «Тәжірибелік» ұғымы - эксперименттік жұмыстардың қалыптастырушы негізінде болашақ педагог-психологтардың білімінің жаһандануы жағдайында кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған психологиялық тренингтер жүргізіледі.
«Тренинг» ұғымы - білімді тұлғаны дамытуға немесе тұлғаға білім беру барысында жүйелі күш салу арқылы орындау. Тренинг – маманды кәсіби әрекеттің негізгі нақты тәсілдері мен процедураларына кезеңмен, практикаға сүйене отырып сапалы білімді үйретуді қолдау. Осындай педагог-психологтардың технологиялық құзіреттілігінің аясында қолданылған психологиялық тренингтер жеке тұлғалардың біртұтас және орнықты дамуына, әрбір студенттің ішкі мотивациясын жоғарылатып, кәсіби білімге ынталануына, тұлғалық сапалары мен педагогикалық құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталады. Бұл ретте педагог-психологтар технологиялық құзіреттілігінің аясында білім өнімділігін арттыру үшін ішкі күштерін, тұлғаны дамыту маңызды болады. Сол себептен, құрастырылған психологиялық тренингте мына мәселелер қарастырылады:
-тұлғаны жетістіктерге жетуге бағдарлауы;
-ішкі мотивацияның болуына баулу;
-ынтымақтастыққа қабілетті танымдық іс-әрекеттің субъектісі ретінде өзін-өзі дамытуы;
Педагогикалық-психологиялық тренингтердің мақсаты: педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамыта түсу барысында атқарылатын міндеттері:
-педагог-психологтардың жалпы сыни ойлауын қалыптастыру;
-өзінің педагогикалық көзқарастары мен ұстанымдарын талдау жұмыстарын жүргізуге бейім ету;
-өзін-өзі тану мен дамыту кезінде белсенді позициясын ұстанып, бағдарлау жұмыстарымен және рефлексиялық ойлау деңгейін дамытады. [2, 45 б.]
Қазіргі жаңашыл заманның педагог-психологына қойылатын талабы-жаңашыл жаңалықты негіздеуден бастау алатыны баршамызға мәлім жағдай. Сондықтан, қазіргі педагог-психологтардың мамандығы - әрі өзгертуші, әрі басқарушылық сипатқа ие. Әрине, тұлғаның дамуын басқару үшін адам құзыретті болуы керек. Біз осы анықтаманы ұстана отырып, мұғалімнің кәсіби құзыреттілік құрылымын педагогикалық және психологиялық шеберліктері арқылы қарастырамыз.
Қорытындылайтын болсақ, қазіргі заманғы педагог-психолог іс-әрекетінің ең маңызды ерекшелігі – рухани әлемі, оның даралығы, өзіндік ұстанымымен сәйкес келуі керек. Ал енді, ең маңыздысы – ол адами құндылық, білім берудің нақты мазмұнының маңызды компоненті, тұлғаны дамытудың негізі болатын қасиеттердің жиынтығы деп айтуға да болады. Сол себепті де, кез-келген тұлға өз өмірлерінің қыр-сырларымен педагог-психолог мамандарымен бөлісіп, жақсартуды- бүгіннен бастағаны жөн деп санаймын!

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:




1.Әлеуметтік психология. Әбеуова И.Ә.
2.Педагогикалық психология. И.А.Зимняя

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет