ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
АБАЙ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
БЕКІТЕМІН:
ШҚГК директоры
________________Ф.Курманов
«_____»______________ 2022 жыл
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Пән: Информатиканың теориялық негіздері
Мамандық: 0111000 «Негізгі орта білім беру»
Біліктілік: 0111093 «Информатика мұғалімі»
Оқыту нысаны: күндізгі
Қабылдау жылы: 2019 жыл
Курс: 2,3,4
Семестр: 3,4,5,6,7
Теориялық сағат: 68
Практикалық сағат:44
Курстық жұмыс:
Барлық сағат саны: 112
Бақылау жұмысы: 6 семестр
Сынақ: 3,4, 5, 6, 7 семестр
Емтихан:
Курстық жұмыс:
Өскемен, 2022 жыл
Жұмыс оқу бағдарламасы техникалық және кәсіптік білім беру бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен білім беретін оқу бағдарламаларына (Информатиканың теориялық негіздері) ҚР БжҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы №72 бұйрығының 361-362-қосымшаларына сәйкес 0111000 “Негізгі орта білім беру” мамандығы 0111093 «Информатика мұғалімі» біліктілігі бойынша әзірленген.
Жұмыс оқу бағдарламасын құрастырған оқытушы: Касенова А.А.
Жұмыс оқу бағдарламасы Жалпытехникалық және математика ПТК отырысында талқыланды және қарастырылды.
№ ______ хаттама, «__»________2022 ж.
ПТК жетекшісі __________________ Касенова А.А.
Жұмыс оқу бағдарламасы колледждің әдістемелік кеңесі отырысында қарастырылды
№_ ____ хаттама, «____»_________2022 ж.
Колледждің әдістемелік кеңесінің төрайымы ________Слямбекова Ж.А.
Түсіндірме жазба
Осы үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, техникалық және кәсіптік білімнің оқу бағдарламалары және жұмыс оқу бағдарламаларына сәйкес 0111000 “Негізгі орта білім беру” мамандығы бойынша әзірленген.
Пәннің мақсаты – оқушылардың ақпарат, ақпарат түрлері, қасиеттері, информатиканың теориялық негіздері жан – жақты, әрі саналы түрде меңгеруін қамтамасыз ету, қызығушылығын оятып, шығармашылығын шыңдау.
Пәннің міндеттері:
ақпарат, оның түрлері және ақпараттық орта туралы білім беру;
оқушының логикасын, өзіндік танымдық іс – әрекетін және шығармашылық қабілетін дамыту;
мамандықты игеруде алған білімдерін практикада қолдануға үйрете отырып, кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру және жетілдіру.
«Информатиканың теориялық негіздері» пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасын іске асыру үшін оқытуды ұйымдастырудың келесі түрлері ұсынылады: лекция және басқалар.
Оқу материалы мазмұнының ерекшелігі мен күрделілігіне байланысты келесі оқыту әдістері ұсынылған: әңгіме, жағдайлық мәселерді шешу, өндірістік жағдайларды талдау, рольдік және іскерлік ойындар, ақыл – ой шабуылы, материалды рәсімдеу, шағын топтардағы жұмыс және басқалар.
Достарыңызбен бөлісу: |