Бекітемін Талас ауданының білім бөлімінің басшысы М. А.Қазангапов 2023 ж


«Үздік педагогикалық өнім-2023» байқауына



бет3/4
Дата19.05.2023
өлшемі169 Kb.
#94846
1   2   3   4
Байланысты:
Педагогикалық өнім ереже (1)

«Үздік педагогикалық өнім-2023» байқауына қатысушыларға арнайы сертификатпен және 1-ші, 2-ші, 3-ші дәрежелі дипломдармен марапатталады.


МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Мақаланы орналастыру реттілігі:



  1. ӘОЖ индексі бірінші беттің жоғары сол жағына қойылады.

  2. Мақаланың атауы.

  3. Авторлар туралы мәлімет (екі автордан артық емес): Автордың аты-жөні, әкесінің аты ( ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі көрсетіледі), мекеменің атауы және орналасқан жері (егер мекеменің атауынан бөлек болса), авторлардың біреуінің e-mail. Аннотация: (100 сөзден артық емес: мақсаты, міндеті, зерттеу нәтижелері және қысқаша тұжырымдары).

  4. Кілтті сөздер (5-10 сөз).

  5. Мақала мәтіні төменде көрсетілген талаптарды қанағаттандыру керек.

  6. Библиография (пайдаланған әдебиеттер тізімі).

  7. Егер мақала шетел тілінде ұсынылған болса, онда қазақ тілінде және ағылшын тілінде берілуі тиіс: мақаланың тақырыбы, автордың аты-жөні, әкесінің аты, аннотация, кілтті сөздер (мақаланың соңында) .

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

  1. Мақаланың мәтіні және тіркеу формасы WORD мәтіндік редакторында терілуі тиіс, «Times New Roman» қаріпі, тақырып қаріпі және негізгі мәтін шрифт өлшемі (кегль) - 14, жоларалық интервал - бір, тасымалдаусыз, жоғарғы өріс - 20 мм, сол жақ - 20 мм, оң жақ - 20 мм және төменгі өріс- 20 мм. Мақаланың тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚОЮ ШРИФТ).

  2. Матариал көлемі 4 беттен кем болмауы тиіс және 6 беттен аспауы керек (суреттеді қосқанда), А4 форматтағы көрсетілген мақала көлеміне мақала мәтіні, әдебиеттер тізімі, кестелер және суреттер кіреді.

  3. Мақала беттері нөмірленуі тиіс.

  4. Мақалада формула (сурет, кестелер) номерленеді.

  5. Мақалада әдебиеттер көздеріне сілтеме жасалынуы тиіс. Әдебиет көздерінің тізбесі ГОСТ Р 7.0.5-2008 сәйкес жасалынады. Мәтінде әдебиет көздеріне сілтемелер квадрат жақшада беріледі. Әдебиеттер тізімі мәтінде қолдану ретімен көрсетіледі. Электронды тасымалдағыштарға да сілтеме жасауға болады.

  6. Мәтіндегі сурет, кестелер сапалы жасалуы тиіс. Жинақта барлық суреттер ақ-қара түсте беріледі.

  7. Негізгі мақаладан кейін мақала авторы (-лары) туралы қысқаша мәлімет 15 жолға дейін). Берілетін мәліметте автордың ғылыми-зерттеу аймағы, жұмыс орны, қызметі, байланыс ақпараты (телефон, электронды почта) көрсетілуі тиіс.

  8. Материалды дайындауда осы талаптарды сақтамаған жағдайда материалды баспаға жіберу мерзімі ұлғаяды немесе мақаланы баспаға қабылдамауға негіз болады.

  9. Барлық жұмыстар антиплагиатқа тексереді, қажетті деңгей – авторлық мәтіннің 70% кем емес. Тексеруден өтпеген жұмыстар жариялауға жіберілмейді.

  10. Ұйымдастыру комитеті аитиплагиатқа тексеру, мақаланы іріктеу, редакциялау жұмыстарын өзіне қалдырады.

  11. Мақалада көрсетілген ғылыми факті, дәйексөз, ғалымдардың аты-жөні және басқа да мәліметтердің шынайлылығы бойынша жауапкершілік авторда (-ларда) қалдырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет