Бекітемін Талас ауданының білім бөлімінің басшысы М. А.Қазангапов 2023 ж



бет1/4
Дата19.05.2023
өлшемі169 Kb.
#94846
  1   2   3   4

Бекітемін
Талас ауданының
білім бөлімінің басшысы
__________М.А.Қазангапов
«____»___________2023 ж


«Үздік педагогикалық өнім-2023» байқауының ережесі

“Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданының білім бөлімі” КММ «Үздік педагогикалық өнім-2023» аудандық байқауын өткізеді.


«Үздік педагогикалық өнім-2023» аудандық байқауының мақсаты – Қазақстан Республикасы білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін модернизациялау; Қазақстанның рухани жаңғыру бағытында ұлттық сананы қалыптастыру; білім берудің жаһандану жағдайында педагогикалық кадрларды кәсіби дайындаудың теориялық-әдіснамалық негіздерін қарастыру; ғаламдық бәсекелестік ортадағы заманауи білім берудің жаңа парадигмалары аясында зияткер тұлғаны қалыптастыру; қашықтықтан оқыту жағдайындағы заманауи трендерді қарастыру; ХХІ ғасырдың сын-қатерлі контексіндегі қашықтықтан оқытудың ғылыми-әдістемелік деңгейін және білім сапасын арттыру жолдарын қарастыру.
«Үздік педагогикалық өнім-2023» аудандық байқауының жұмыс жасау бағыттары:

  1. Ағартушы педагог Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарасы: әлемдік руханият.

  2. Қазақстан Республикасы білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін модернизациялау: педагогикалық білім берудің заманауи трендтері.

  3. Жаһандық бәсекеге қабілетті педагогикалық кадрларды дайындауда қашықтықтан оқыту жүйесін ендіру және жүзеге асыру жолдары: өзекті мәселелері, сын-қатерлері және шешу жолдары.

  4. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жолдары: әлемдік тәжірибе.

«Үздік педагогикалық өнім-2023» байқауы өткізіледі:

  1. «Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасы: кеше, бүгін және ертең» педагогикалық инновациялық өнім.

  2. «Пәннің үздік оқу-әдістемелік кешені.

  3. «Үздік портфолио.

  4. «Үздік оқулық».

  5. «Үздік оқу құралы, оқу-әдістемелік құрал».

  6. «Үздік электронды оқулық».

  7. «Үздік мультимедиалық өнім».

  8. «Үздік инновациялық сабақ (тәрбиелік іс-шара)».

  9. «Үздік ғылыми жоба».

  10. «Үздік авторлық бағдарлама».

  11. «Үздік сабақ жоспары».

  12. «Үздік тәрбиелік іс-шара жоспары».

  13. «Үздік шебер-сынып».

  14. «Мамандығым-мақтанышым» үздік педагогикалық эссе.

  15. «Педагог мәртебесі» үздік постер. (А1 форматта)

  16. «Үздік инновациялық әдістеме».

  17. «Үздік инновациялық технология».

  18. «Үздік инновациялық жоба».

  19. «Үздік мақала» байқаулары.

20) «Үздік электронды оқу контенті»
21) «Үздік оқыту платформасы» және т.б. байқаулары.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет