Байқаудың мақсаты – креативті педагогтердің инновациялық іс-тәжірибесін үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау және жинақтау; педагогтердің креативті әлеуетін жетілдіру.
Байқаудың міндеттері:
заманауи оқу-әдістемілік кешенінің сапасын арттыру және мазмұнын жаңарту;
инновациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне тиімді ендірудегі озық тәжірибені үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау және жинақтау;
креативті педагогтердің жаңашыл бастамаларын қолдау, ғылыми әуелетін арттыру;
жаңашыл педагогтердің ғылыми әдістемелік белсенділігін ынталандыру;
өзара инновациялық тәжірибемен алмасу.
Байқауға қойылатын талаптар:
байқауға ұсынылатын инновациялық өнімдер 2022-2023 оқу жылында дайындалған болуы керек;
басқа байқауға ұсынылған өнімдер қабылданбайды;
қорғауға 2-3 минуттық видео презентация дайындау қажет;
ұсынылатын жұмыстар мазмұны байқаудың мақсатына сәйкес келуі қажет:
жаңашылдық, ғылымилық, шығармашылдық, тәжірибеде қолданыс табуы.
«Үздік педагогикалық өнім-2023» байқауы төмендегідей форматта ұйымдастырылады:
байқаудың қорытындысын жариялау, жеңімпаздарды марапаттау;
психологиялық-педагогикалық тренингтер, жаңашыл педагогтердің шебер-сыныптары;
онлайн-режимдегі шебер-сыныптар;
секциялық мәжілістер;
инновациялық өнімдердің презентациясы.
«Үздік педагогикалық өнім-2023» байқауының жұмыс тілдері – қазақ, орыс.
Педагогикалық оқуларға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне amir_chan@inbox.ru электронды поштасына баяндама (мақала) және жаңашыл педагогтардың жұмысын «Үздік педагогикалық өнім-2023» байқауына деп жолдау қажет. Мақалалар 1 дана және электронды түрде қабылданады.
Баяндама мен байқауға ұсынылатын материалдар 2023 жылдың 20 мамырға дейін қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |