«Бекітілді» Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің



бет1/3
Дата02.12.2023
өлшемі284,5 Kb.
#131829
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Силлабус-5B020500 Ц Филология


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

«Бекітілді»

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің


Ғылыми кеңесінің мәжілісінде

Хаттама № «___»______ 2014 ж.


Факультет деканы,
___________ проф. Ө.Әбдиманұлы


Қазақ тілінің фонетикасы


1-курс 5B020500 – Филология: қазақ филологиясы мамандығына арналған
Силлабус (Syllabus)


Кредиттер саны - 3
Сабақтың күні - 2014 жыл
Сабақ сағаттары - Деканаттың кестесі бойынша
Оқытушы - Ақымбек Съезд Шардарбекұлы, филол.ғ.к., доцент – лектор, практикалық сабақ (СОӨЖ, АБ).
Телефон, эл,почта - 377-33-32, қосымша 13-27, Akіmbek_sezd@maіl.ru
Консультация - СОӨЖ кезінде
Курстың сипаты - Фонетика туралы түсінік. Фонетиканың зерттеу объектісі мақсаты мен міндеттері және салалары. Қазақ тілі фонетикалық құрылымының зерттелу жайы. Сөйлеу дыбыстарының үш аспектісі. Акустикалық (физикалық) және физиологиялық (артикуляциялық) аспект, дыбыстың пайда болуы, оған тән қасиеттер. Лингвистикалық (функционалдық) аспект. Фонология. Фонема, дыбыс және әріп. Фонема және фон. Қазақ тілі фонемаларының өзіндік ерекшеліктері. Транскрипция, оның мазмұны, түрлері. Фонетикалық зерттеулерде қолданылатын әдістер (экспериментті, қарапайым, акустикалық, соматикалық т.б.). Тіл дыбыстарының қызметі. Сөйлеу актісінде болатын түрлі фонетикалық құбылыстар. Дыбыстардың әлеуметтік қызметі. Екпін, интонация мәселелері.
Кустың мақсаты - Фонетика пәніне байланысты лекциялар мен практикалық және лабораториялық сабақтар студенттердің қазіргі қазақ тілінің фонетикалық құрылымынан теориялық және практикалық терең жүйелі білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. Студент сөздің құрамында кездесетін әрбір фонемаға фонетикалық сипаттама беріп қана қоймай, оның жасалу, қолдану ерекшеліктерін өзге фонемалармен тіркесу мүмкіндіктерін, дыбыстық өзгерістердің себептерін дұрыс ажыратып, айқындай білуге, әсіресе тілдің жазбаша және ауызша формаларының арақатынасын, фонема, дыбыс, әріптердің шегін жақсы түсінуге тиіс. Қазақ тілінің байырғы фонемалары мен орыс тілінен енген (дауысты, дауыссыз) фонемалардың ерекшеліктеріне мұқият көңіл бөлген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет