Бекіту сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Аудиториядағы кейс əдісін қолдану кезеңдерін атаңыз.
Аудиториядағы кейс əдісін қолдану кезеңі төмендегідей кезеңдерді қамтиды:
·кейске кіріспе;
·жағдайдың талдануы;
·пікірталас;
·қорытынды шығару.
Кейс амал-тəсілдерін пайдалануда мына мəселелерге басты назар
аударылады:
·білім алушылардың ауызша сөйлеу дағдысын жетілдіруге алдын-ала
дайындалған мəтіндер немесе тапсырмалар беру;
·шағын топтардың басшыларымен өздерінің ойларын бөлісу, бірге
талдау, білім алушылар түсінбегенде микросабақтар өту;
·топтың бірнеше шағын топтарға бөлінуі;
·əрбір топтың өзінің басшысы болуы;
·оқытушы бағыт-бағдар беруші, бақылаушы рөлінде ойнауы.
2. Кейс неше бөлімнен тұрады жəне оларға сипаттама беріңіз
Кейс бірыңғай ақпараттық кешен болғандықтан, ол үш түрлі бөлімнен
тұрады:
1) кейс дайындау бөлімі;
2) нақты жағдаяттар бөлімі;
3) кейске кіретін қосымша тапсырмалар .
Кейс əдісі – талдау əдістерін қамтитын жалпы білімнің технологиялық
ұғымы. Кейс əдісі арқылы нақты жағдайлар тұрғысынан академиялық
теорияларды көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл əдіс білім алушылардың пəнге
деген қызығушылықтарын оятып, оны терең меңгеруге, білім алу барысында
алған ақпараттарын өңдеп, талдауға ынталандырады (6-кесте).
Оларды құрудың негізгі сатылары төменде көрсетілгендей:
- білім жүйесінде кейстің алатын орнын, мақсатын анықтау;
- тақырып моделін құру немесе таңдау;
- əртүрлі жағдайларға критерийлерді тағайындау;
- қажет ақпарат көздерін белгілеу;
- қосымша ақпаратты жинау барысындағы орындалатын іс-əрекеттер
жоспарын құру;
- сараптама жасау, оны қолдану барысында əдістемелік материалдар дайындау.
3. Білім алушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастырудағы
кезеңдерге сипаттама беріңіз.
Кейс əдісін қолдану барысындағы оқытушының іс-əрекеті екі кезеңнен
тұрады. Бірінші кезеңге кейс таңдап алу жəне сұрақтар құрауға арналған
шығармашылық жұмыс, жағдайларды тақырыпқа сəйкес таңдап алу, мақсат
пен міндеттерді анықтау, жағдайды құрастыру жəне суреттеу жатады. Ал
екінші кезеңді оқытушының аудиториядағы іс-əрекеті құрайды. Кейс əдісі арқылы келесі дағдыларды дамытуға болады
4. Кейс технологиясының дəстүрлі оқытудан басты айырмашылығы
неде?
Нақты педагогикалық жүйенің синонимі ретінде (оқытудың
«дəстүрлі» технологиясы, В. В. Давыдов пен Д. Б. Элькониннің
мектепке арналған жүйесі жəне т.б.)
Бірақ бұл түсіндірулер «технология» түсінігін ашпайды,
сондықтан «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология»,
«оқыту технологиясы» терминдерін қарастыру қажет. Берілген
түсініктерді салыстырмалы талдау Л. А. Щукинаның еңбектерінде
көрсетілген.
Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі
педагогикалық ұғымдар қорнынан тыс қалып келді. Шынайы
мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге:
педагогикалық үдерісті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай
келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.
Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық
технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұштасады,
мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру
жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаланған жəне проблемалық
оқу технологиялары, авторлық технология жəне т.б