Оқу, сөйлеу әрекеті туралы және оқу дағдыларын қалыптастырудағы маңызы туралы терең білімді қалыптастыру мақсатында, тақырып төңірегінде мәліметі толық қамтылған таныстырылым әзірлеңіз



Дата19.12.2022
өлшемі16,06 Kb.
#58270
түріСабақ
Байланысты:
10-тапсырмм


10-тапсырма

Оқу, сөйлеу әрекеті туралы және оқу дағдыларын қалыптастырудағы маңызы туралы терең білімді қалыптастыру мақсатында, тақырып төңірегінде мәліметі толық қамтылған таныстырылым әзірлеңіз.


Оқу-тәрбие жұмысының негізі – сабақ. Сабақ-оқытудың барлық кезеңінде мұғалім мен баланың бірлесіп істейтін тиімді әдістерінің жүйесі. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше білімін толықтыруға дағдыландыру сияқты жұмыстар сабақ барысында жүзеге асырылады. Оқушылардың тіл байлығын молайту үшін сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, жаңа технологиялардың элементтерін қолдану. Сабақта қолданылатын мәтін мен жаттығулар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуінің маңызы зор. Пәнаралық байланыс болуына, сабақтың өмірмен байланыстылығына мән беру қажет. Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту – әр сабақтың міндеті.


Ауызекі тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда грамматикалық ережелерді меңгеріп, оларды түсініп, дұрыс қолдана білудің маңызы өте зор. Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрену, лексикалық және грамматикалық тақырыпты меңгеру – күрделі жұмыс. Грамматикалық ережелерді дұрыс түсініп, меңгеріп, орынды қолдана білу дағдыларын дамыту мақсатында сурет бойынша сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру, әңгімелеу жұмыстарын жүргіземін.


Мәтінмен жұмыс істегенде, оқушыларды жаңа сөздермен таныстырып, ойын дұрыс айта білуге, сұрақтар қоя білуге, берілген сұрақты түсініп, нақты жауап беруді үйретуге тырысамын. Мәтінде кездесетін таныс сөздермен, сөз тіркестермен және меңгерілген жаңа сөздермен сөйлем құрастыруға, әңгімелей білуге дағдыландырамын.Әр сыныпта тақырыптар бойынша тест сауалдарын қолданып, жарыс, саяхат, ойын сабақтарын өткіземін.


Жаңа заман сабағы дәстүрлі тақта мен бор арқылы емес, электрондық құралдардың көмегімен, интерактивті тақтамен оқушылардың белсенділіктерін арттыра отырып өткізіледі. Өз тәжірибемде интерактивті тақтаны қолдана отырып «Білімпаздар сайысы» атты сыныптан тыс шара өткіздім. Мультимедиялық мәтін жазылған бейне материалдар, слайд, суреттер, сызбалар, кестелер қолдандым. Оқушылар күнделікті жүз рет сөзбен айтқан ұғымдарды бір рет көру арқылы естеріңде сақтайды. Бастауыш сынып оқушыларының ауызекі сөйлеу тіл байлықтарын ақпараттық қатынастық технология арқылы дамыту оқушының өзіндік білім алу іс-әрекетін компьютерлік бағдарламалық және техникалық жабдықтардың көмегімен іске асырылады.


Оқушылар «Жыл мезгілдері», «Құстар», «Үй жануарлары және аңдар» атты кітапшалар дайындап келеді, ол жұмыстарын оқушылар алдында оқып қорғайды.


«Қай ауыл жеңді?», «Кім көбірек біледі?», «Қатені тап» тағы басқа түрлі сөздік ойындарын жиі өткіземін. Оқушылардың қазақ тіліне ынталылығын арттыру үшін мынадай ойындарды өткізуге болады; біріншісі: «Кім көбірек сөз табады?» Мысалы: саңырауқұлақ-ақ, қара, су, құлақ, уық. Екіншісі:бір оқушы сөзді айтады, екінші оқушы сөздің соңғы әрпіне жаңа сөзді ойлап табады.Мысалы: қарға, алма, ат, тауық.


«Сөз жарысы» ойыны. Ойынның мақсаты – сөздік жұмысын қайталау. Бұл ойында үш оқушы тақтаға шығады. Сыныптағы оқушылар сөздерді орыс тілінде айтады. Үш оқушы қазақ тіліне аударады. Үш оқушының қайсысы көп айтса , сол жеңеді. Ойынды тақтаға сауатты жазу қабілетін молайту мақсатында жазбаша түрде де өткізуге болады.


"Иә - жоқ" - ойыны сұраулық шылауларды дұрыс қолдану дағдыларын, қисынды ойлау қабілеттерін арттырады . Бір оқушы затты ( жануар, тағам, өсімдік ....) жұмбақтайды. Қалғандары сұрақ қойып отырып, оны табу керек. Бір ерекшелігі: шыққан бала тек "иә" не "жоқ" деп жауап бере алады. Екінші ерекшелігі : оқушылардың сұрақтары тізбектеліп логика жолымен құрылу керек.


Мысалы:

-Ол жануар ма?- Жоқ.

-Ол балық па?- Жоқ.


-Ол құс па? -Иә.


-Ол үлкен бе?- Жоқ.


-Ол суда жүзе ме?- Иә.


-Ол үйрек пе?- Иә.


"Сурет салу" - оқушылар мұғалімнің әңгімесі бойынша сурет салады. Мысалы, ортада екі қабатты үй. Үйдің алдында бір жасыл ағаш. Ағаштың үстінде бір қараторғай, екі сауысқан отыр. Осындай жұмыс арқылы оқушылардың тыңдалым әрекеттері іске асады. Бұл жұмыс түрінен түстердің атауың, оқушылардың сөздік қорын, көмекші есімдермен қолдану дағдыларын бақылауға болады.


Ауызекі сөйлеу әдісінің бірі – диалог арқылы дамыту. Диалог құру үшін белгілі бір тақырыпты оқуға байланысты оқушының сөздік қорын дамыту, жаңа сөздер үйретіп, мағынасын ұқтыра отырып, оларды жасайтын формаларды меңгертіп, сөйлем құрауға үйрету, сөз бен сөзді байланыстыруға, ауызша ойларын жүйелі айтуға, әңгімелеуге жаттықтыру керек. Сонда оқушы диалог құру кезінде сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің грамматикасын ескере отырып, диалогты дұрыс құруға тырысады.Ауызекі сөйлесу оқушының тілін дамытады.


Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың берері мол. Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен оқушылармен сөйлесуде болады. Оқушыларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету оқушыларды қызықтырады. Диалогтік сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес келеді. Коммуникативтік оқыту жауап алынған жағдайда ғана жүзеге асуы оның ұстанымы болып есептеледі. Ал ауызекі сөйлесу – жауап алу арқылы жүзеге асады.Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық – грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруға жағдаяттың ауызекі сөйлесу мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал болып табылады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді. Оқушылардың сөйлеу дағдылары ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап құрастыра алуынан, оқығандарын ауызша да, жазбаша да мазмұндап, беретіндей дағды – машықтарынан, шығарма, хат жазу дағдыларынан құралады. Қазақ тілін оқытуда ең алдымен тәжірибелік мақсат қойылады, оған оқушылардың сөздік қорын байыту, қазақша ауызекі сөйлесуге, сауатты жазуға үйрету, көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге үйрету қажет.


Оқушы тілін дамыту үшін әр түрлі әдістер, жұмыстар өткізу керек. Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту, мәтін бойынша сұхбат құрастыруда, мәтіннің мазмұнын айтқызуда тірек сызбалардың берері көп. Бұл тәсіл жаңа сабақты жылдам түсінуге, есте сақтауға көмектеседі. Тірек- сызба сұхбат құрғыза отырып, оқушылардың қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға, сөйлем құрастыруға мүмкіндік береді. Грамматикалық материалды және лексикалық тақырыптарды оқытуда тірек-сызбалардың қолданылуы тілді дамытуға, сөздік қорды молайтуға, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, ойлау қабілетін дамытуға, ойын қазақша жеткізе білуге жаттықтырады. Тірек-сызбалар арқылы оқушылар кез келген тақырыпқа әңгіме құрастырып, өз ойларын оңай жеткізеді, ауызша тіл дамытып, сөздік қорын молайтып, ауызекі сөйлеуге дағдыланады. Тірек-сызба арқылы сұрақ-жауап әдісі бойынша оқушыларға тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, жауап аламын. Балалар тірек сөздер берілген сызбаны пайдалана отырып әңгіме құрастырады.




Мұғалім әр сабақта оқушыға жағдай жасап түрлі технологияларды жүйелі қолданып, оларды шығармашылықпен пайдалана білсе, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады, қазақ тіліне қызығушылық артады, ауызекі сөйлеу дамиды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет