Капитализмнің, ірі өнеркәсіптің өркендеуіне байланысты пролетариат табының пайда болуы.
Капитализмнің ары қарай дамуы, пролетариат үшін ауыр жағдай тудырды, соның салдарынан оларды стихикалық күреске шығуға мәжбүр етті.
Олардың күресін саналы дайындау, ұйымдастыру үшін нақты теориямен қаруландыру қажеттілігі туды. Бұл Маркс пен Энгельсті ойландырып, арнаулы ғылыми ілім жасауға ұмтылдырды. Бұған ХІХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы ғылым саласындағы аса маңызды жетістіктер де әсер етті. Оларға:
Энергияның сақталу және айналу заңының ашылуы;
Тірі организмдердің клеткалық құрылымның ашылуы (клетка теориясы);
Эволюциялық ілім — дарвинизм жатады.
Бірінші — классикалық кезең. 1830 ж — ХІХ ғ. аяғы. О. Конт, Дж. С.Милль.
Екінші – эмпириокритицизм немесе махизм кезеңі ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ басы. Э. Мах, Р. Авенариус.
Үшінші – неопозитивизм немесе логикалық позитивизм. 1920─1960 ж.Л. Витгенштейн, Б. Рассел, М. Шлик, Карнап.
Постпозитивизм (лингвистикалық, аналитикалық философия ) – 1960─1970 жж. – қазіргі кезеңге дейін.
Позитивизм (Positivism — дұрыс пікір) – оның негізін қалаушы француз философы Огюст Конт (1798-1857 жж.). Позитивизм — ғылым негізіндегі білім, ғылыми ақиқат, позитивтік дүние көрінісіне сәйкес болу деп, философиялық зерттеудің танымдық маңызын теріске шығаратын бағыт. Оның тарихи кезеңдері мен өкілдері:
Конт танымдық ілімді үш сатыда көрсетеді.
Теологиялық (діни) — діннің үстемдігі, дүниедегі құбылыстарды сырт күштер, қияли қимылдар арқылы түсіндіреді.
2. Метафизикалық— философиялық ілімнің үстемдігі, табиғатты абстрактылы (мәні мен себебін) түсіндіреді.
3. Позитивтік — ең жоғары сатысы. Бұл сатыда жоғарғы екеуі жоққа шығарылады. Позитивтік немесе дұрыс пікір барлық құбылысты ғылыми жолмен түсіндіреді.
Конт эмпирикалық ғылымға, тәжірибеге сүйенеді. Сондықтан философиясының зерттеуге байланысты ақиқат өзіндік пәні жоқ. Оның мақсаты ─ арнаулы ғылымдардың нәтижесін қортындылау; әрбір ғылымның пайдалы әрі пайдасыз жағы бар, тек пайдалысын қабылдап, пайдасызынан арылу. Ол, француз революциясының теориясы болған француз материализмінен бас тартып, идеализм жолына түседі.
Позитивизмнің келесі сатысы – эмпириокритицизм. Ол позитивизмге қарағанда шындықтан алшақ тұрады. Позитивизм нақты ғылымды зерттеуді ұсынса, эмпириокритицизм ─ біздің сезімнен тыс ешнәрсе жоқ, барлық дүние біздің сезіміміздің жиынтығы деп қорытындылайды. Сөйтіп, объективтік өмірді субъективтік өмірге айналдырды.
Неокантшылдық
«Кантқа оралу!» – дәл осы ұранмен жаңа үрдіс қалыптасты. Ол неокантшылдық деп аталды. Бұл термин әдетте ХХ ғасырдың басындағы философиялық бағыт ретінде түсініледі. Неокантшылдық феноменологияның дамуына жол ашып, этикалық социализм концепциясының қалыптасуына әсер етті, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдарды ажыратуға көмектесті. Неокантшылдық - бұл Канттың ізбасарлары негізін қалаған көптеген мектептерден тұратын тұтас жүйе.
Eң алғаш Германияда, көрнекті философтың отанында пайда болды.
Hегізгі мақсаты– Канттың негізгі идеялары мен әдістемелік нұсқауларын жаңа тарихи жағдайларда қайта жаңғырту. Бұл идеяны алғаш айтқан Отто Либман болды. Ол Канттың идеяларын сол кезде елеулі өзгерістерге ұшыраған қоршаған шындыққа айналдыруға болатынын ұсынды. Негізгі идеялар «Кант және эпигондар» еңбегінде сипатталған.