Өздерінің химиялық табиғаты бойынша ферменттер (энзимдер) қарапайым және күрделі ақуыздар.
1897 жылы Бертран ферменттер құрамынан әртүрлі қосымша факторларды тапты – табиғаты ақуыз емес органикалық заттар, ферменттердің каталитикалық қасиеттердің пайда болуына қажет және кейін нәтижесінде кофермент (коэнзим) деп аталды.
Кейін айқындалғандай, ферменттердің қосымша факторы ретінде металл иондары мен ерекше құрылымды кофермент (коэнзим) деп аталатын органикалық заттар болуы мүмкін.
Фермент құрылымында қандай да бір қосымша фактордың болуына байланысты, ферменттер бір немесе екікомпонеттік бола алады.
Екікомпонентті ферменттер (холоферменттер), күрделі ақуыздардың түрлері сияқты ақуыздық бөліктен (апофермент) және простетикалық топ (коферменттен) тұрады.
Ферменттердің құрылымдық ұйымдастырылуының ерекшеліктері.
Ферменттерге ақуыздардың құрылымдық ұйымдастырылуының барлық ерекшеліктері тән. Молекулалық ұйымдастырылудың 4 деңгейі бар: біріншілік, екіншілік,ушіншілік және төртіншілік.
Үшіншілік құрылым деңгейінде, яғни суббірлікте ферментте каталитикалық активті центрі қалыптасады, ол қандай да бір нақты субстраттың катализін қамтамасыз етеді,таниды және байланыстырады.
Ферменттің активті центрі әртүрлі жердегі полипептидтік байланыстағы 12-16 аминқышқыл қалдықтарынан, бірақ доменнің (активті центр) функционалдық бірлігін қамтамасыз етеді.
Екіншілік ферменттердің активті центрінің қалыптасуына қосымша факторлар – коферменттер қатысады.
Активті центрінен басқа (Е) ферметтердің регуляторлық центрі бар. Осы центр арқылы активті центрдің реттелуі активатор мен ингибитордың көмегі арқылы жүзеге асады.
Активті центрінен басқа (Е) ферметтердің регуляторлық центрі бар. Осы центр арқылы активті центрдің реттелуі активатор мен ингибитордың көмегі арқылы жүзеге асады.
Регуляторлық центрдің өзге түрі болып ферменттер қатарындағы аллостеритикалық центр болып табылады.
Аллостерикалық деп аталу себебі – құрылысы бойынша осы центрмен байланыстыратын молекулалар субстратқа (S) ұқсамайды. Бірақ активті центрдің конфигурациясын өзгерте, субстрат катализі мен байланысына ықпал етеді.
Аллостерикалық центрге ықпал ететін заттарды – аллостерикалық эффекторлар деп атайды. Сәйкесінше, осы эффекторлар өздерін активатор немесе ингибитор сияқты көрсетуі мүмкін.