№3 тақырып: Ферменттер. Ферменттердің активтілігін реттеу. Мақсаты: Ферменттердің құрылысы мен функциялары туралы түсінік беру.
Лекцияның басты сұрақтары:
Ферменттердің құрылысы мен қасиеттері. Фермент құрамындағы мүше (орган) және тін айырмашылықтары. Изоферменттер. Мүшелікспецификалық ферменттер. Мультиферментті қосылыстар
Ферменттердің қосымша факторлары: металл иондары және коферменттер. Дәрумендердің коферменттік функциялары.
Ферменттердің жіктелуі және атауы.
Әрекет механизмі және ферментативті катализдің ерекшеліктері. Дәрілік препараттар – ингибаторлар және фермент белсендіргіші.
Активтілік және фермент мөлшерін өлшейтін бірлік. Фермент активтілігін реттеу.
Ферментативті катализ көптеген белгілерге байланысты ерекшеленеді:
1.Ферменттер бейорганикалық катализаторларға қарағанда белсендірек болады. Химотрипсин ақуыздың сілтілік және қышқылдық гидролизіне қарағанда 1 млн есе тез жүреді. Бір каталаза молекуласы 1 минут ішінде 18 млн. сутек тотығын (перекиси водорода) ыдыратады.
2.Ферментативті реакция көбінесе «таза» күйінде жүреді, себебі ол бір реакцияны ғана катализдейді.
Бұл ферменттердің қасиеті олардың өзіндік қабілетіне байланысты.
Кейбір ферменттер абсолютті топтық өзіндік қабілет тудырады.
Кейбір ферменттер абсолютті топтық өзіндік қабілет тудырады.
Мысалы, алкогольдегидрогеназа тек этил спиртінің айналуын катализдеп қоймай, басқа да алифатикалық спирттердің айналуын қамтамасыз етеді.
Салыстырмалы спецификалық қабілет екі түрге бөлінеді: салыстырмалы топ түрінде және салыстырмалы субстратты спецификалық қабілет түрінде.
Асқазан-ішектің протеолитикалық ферменттері (пепсин, трипсин, химотрипсин және т.б.) әртүрлі ақуыз молекулаларының полипептидті тізбегіндегі пептидті байланыстың гидролизін тудырып, салыстырмалы өзіндік қабілеттер көрсетеді.
Цитохром Р450 ферменті әр-түрлі қосылыстардың гидроксилдеу реакциясына қатысып, салыстырмалы субстратты өзіндік қабілеттер көрсетеді.