Байланысты: Белок жетіспеушілік мәселелелерін шешудің биотехнология лық әдісі
Этил спирті негізінде микробиологиялық ақуызды өндіру Чехияда тәжірибелік-өндірістік көлемде жүзеге асырылды. АҚШ-та этил спирті негізінде азықтық ашытқыны өндіретін қондырғылар жұмыс істеді. Осы ашытқы негізінде 30-ға жуық әртүрлі азықтық өнімдер шығарылды. Англияда метил спирті негізінде бактерияны өсіру арқылы “прутин” өнімін шығарды. ФРГ-да метил спирті негізінде жем ретінде және азықтық мақсатта микроорганизмнің биомассасын алды. Кеңес Одағы кезінде кең көлемді қолданбалы зерттеулерде бір жасушалы организм биомассасынан изолирленген ақуыз алу аумағында жұмыстар жүргізілді.