Шығармашылығының зерттелуі. М. Әуезов бастап көптеген ғалымдар, ақын – жазушылар ол туралы пікір айтқан.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев туралы 1938, 1940 ж. ж. 9-сыныпқа арналған әдебиет хрестоматиясына, 1978 ж. М. Мағауин құрастырған «Қазақ ақындары» атты жинаққа енген.
Шығармашылығы. Үш кітап жазып бастырған: «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Хал – ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі» (үлкен екі мақала). Үшеуі де 1907 жылы жарық көрген. Өлеңдерінің барлығы дерлік саяси – публицистикалық лирика, қисынды сюжетті, реалистік рухта болып келеді. Негізгі идеясы – төңкерістің сәтсіздікке ұшыраанын жырлау, реакция жылдарындағы қазақтың еркіндік арманын көксеу.
1905 ж. оқиғасын тұңғыш жырлаған. Бұл оқиғаға арналған өлеңінде халық талабы орындалмағанын ашына айтады:
Түңілді естіген жұрт мына таза,
Дәнеңе жоқ білмегенге, білгенге аса.
Манифест бар деушілер тұтқын болып,
Кесілді еш себепсіз оған жаза.
Халықты саяси табанды күреске шақырады:
Зындан түбі – бостандық,
Күрес түбі – қайыр.
Бұл мақсатты іске асыру жолын көрсету деңгейіне жетпейді. Дегенмен, оқу – білім арқылы жетуге болоады деген ағартушылық ой бар. Патша үкіметі құрған Думаға сенеді.
Реалист ақын. Отаршылықты сынайды. «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» кітабындағы көп өлеңдері халық тағдырын толғаған армен мен шерге толы:
Сөз айтсаң бір – екі ауыз жолдамаға,
Атам деп қорқытады тылтығы ұзын...
...Болмаңыз алты ауыз бауырларым,
Бұл тойдан не боламыз қалғанымыз...
Заман келеңсіздігін, надандықты сынайды.
Ол – 20-ғасыр басында алғаш халқына бостандық талап еткен қайраткерлердің бірі. Ақын пікірінше, орыс боданында болу – қателік. Өлеңдерінде Ресейге қарсы көзқарас бар. «Қазақ», «алаш» сөздерін жиі қолданады. Мәшһүр Жүсіп Көпеев - прогресшіл – демократтық бағыттағы патриот ақын.
Қазағым, өнер ізден, ұрлық – қорлық,
Қыласың бір – біріңе неге озбырлық.
Болғаннан алты ауыз ынтымақсыз,
Басыңа келген жоқ па талай қорлық.
Ел болуға уағыздайды:
Жатқандай тәтті ұйқыға қазақ халқы,
Айыра алмай жақсы менен жаман нарқы.
Баласы дін – мұсылман ояныңдар,
Көрінер өз пайдасы жұрттың парқы.
Немесе:
Өнерге ғылым – білім болсаң жерік,
Берілер ақыр бір күн басыңа ерік.
Адамның мінез – құлықтары туралы ой толғайды:
Бір адам бар: өрік, мейіз ағашы сықылды,
Жемісінен дүние жүзі баһра алады.
Бір адам бар терек ағаш сықылды,
Отқа отын болғаннан басқа жарамайды.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев әділдікті қорғау, ар тазалығы идеясын дінмен байланыстырады. «Мен құдайды бар деп білемін, бір деп қана білемін, күшті деп білемін. Осы үшеуіне сенімім күшті», - деген ақын алланы жырлау арқылы адамгершілікті, кісілік пен парасатты толғады. Сонымен қатар жалған діндірларды сынайды:
«Қисық арба жол бұзар», - дегендейін,
Дүмше молда, қожалар жұртты бұзды.
Достарыңызбен бөлісу: |