Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы. Мәшһүр Жүсіп Көпеев фольклор үлгілерін жинағанда нұсқаны жеткізушінің аты-жөні, сол әңгіменің жету тархы, дәл қай жылы көшірілгендігі қамтылған және қай жанрға жататындығы қамтылған. Екі әдісте жинаған: айтушының аузынан сөзбе – сөз хатқа түсірген, сонымен қатар дайын қолжазбадан көшірген. Олар «Қара мес» жнғында топтасқан.
Ауыз әдебиеті үліглерін топтастыра отырып жинайды.
Мақал – мәтелдерді тақырыпына қарай: өнер-білім, еңбек, денсаулық т.б.ОЛ жинаған мақал-мәтелдердің көлемі 2500 жолдық қатарды құрайды.
Тұрмыс-салт жырларынан: жар-жар,беташар, сыңсу, жоқтау, бата (350 жолдық), қара өлеңдер.
Тарихи аңыздардан Абылай және оның маңындағы батырлар, Асан қайғының сын-толғаулары.
Шежірелері: «Қазақ түбі», «Қоқан хандары», «Бұл қазақ қай уақытта үз жүз атанған», «Қапшақ тарихы», «Найман тарихы», «Керей тарихы», «орта жүз» т.б.
«Ер Сайын», «Ер Көкше», «Көрұғлы», Шора батыр» т.б. жырларды, Бұқар, Көтеш, Орынбай, Шөже жырларын, Балта – Шөже, Жанақ – Түбек, Күдері – Ұлбике т.б. айтыстарын қағазға түсірген.
Поэмалары. 5 поэма жазған: «Ғибратнама», «Шайтанның саудасы», «Гүлшат – Шеризат». Барлығы ертегі, аңыз негізінде жазылған, сюжетті.
Достарыңызбен бөлісу: |