Стандарттандырылған немесе формальды интервью. Бұл интервьюде сұрақтардың құрылуы және олардың нәтижесі алдын ала анықталады.
Стандарттандырылмаған немесе бос интервью. Мұн- дай интервьюде медициналық қызметкер жалпы жоспарға сүйене отырып, жағдайға байланысты сұрақтар қояды.
Жартылай стандарттандырылмаған немесе фокустел- ген интервью. Мұндай интервьюді жасаған кезде медицина- лық қызметкер стандарттарға негіздей отырып, басқа да керек сұрақтар қоя алады.
Зерттеудәрежесінеқарай:
Алдын ала жүргізілген интервью. Жағымды зерттеулер кезінде қолданылады;
Қадағалау интервью. Күдікті нәтижелерді тексерген кезде қолданылады.
Қатысушылардыңсанынақарай:
Индивидуальды интервью - Бұл интервьюде медициналық қызметкер мен науқас қана қатысады.
Топталған интервью-екі адамнан көп тұлғалар қатысады.
Интервъюдің негізгі фазалары: адаптация, қойылған мақсатқа жету, қозуды шешу. Интервью адаптация фазасынан басталады- Бұл кезде науқасты сұрақтарға жауап беруге және сұхбаттасуға дайын- дайды. Бұл фазаның мазмұны- барлау, дайындық жүргізу.
Интервьюдің келесі фазасының негізгі мазмұны – қойыл- ған мақсатқа жету, негізгі ақпаратты жинау, мәселенің шешілуіне ықпал жасау. Науқастың көңілін аудару үшін функционалды психологиялық сұрақтар қолданылады.
Медициналық интервъюдің қорытындылануы. Интервью- дің соңында жай сұрақтар қойылу арқылы қызбалылыққа және сезімдердің шығуына жол беріледі.
Сұрақ-анкетасы өзінің бастамасын Ф. Галыпон, К.Пирсон және Дж. Кэттел стандарттандырылған анкета және шәкілдеуден алады. Олардың өңдеулерін түрлі сұрақ- анкетасын және жеке сауалнамаларды қүрастыру үшін басқа зерттеушілер кеңінен қолданды. Сұрақ-анкеталар адамның тұлғалық қасиеттеріне және ерекшеліктеріне қатысты емес мағлұматтар береді. Мысалы, биографиялық сұрақ-анкеталар, қызығу сауалнамалары, бағдар сауалнамалар және т.б
Тестілеу - стандарттандырылған сұрақ және есептерден құрылған психологиялық диагностика. Психологияда көп- теген арнайы тесттер құрылған, олар адамның психикалық ахуалын, тұлғалық қасиеттерін зерттеуге арналған. Мысалы,
интеллектті, қабілетті, тұлғаның жетістіктерін анықтайтын тесттер.