Коммуникация- басқа адамдармен байланысу, қарым- қатынас орнату.
Коммуникативтік дағдылар - медицина қызметкерле- рінің жұмыс барысына байланысты басқа субъектілермен (науқаспен, оның жақындары және туысқандарымен, әріптестерімен т.б) тиісті дәрежеде қарым-қатынас жасай отырып, медициналық жәрдем шараларының тиімділігі мен нәтижесін арттыру.
Өзара қарым-қатынас жасау үшін, кем дегенде екі адам болуы қажет, олардың әрқайсысы, субъект ретінде саналады.
Коммуникативтік үрдістің келесі маңызды жақтары белгілі:
ақпарат көзі
өткізгіші
қабылдаушысы
Өз ойын «басқа адамға жеткізем» және «оған тиісті әсер етем» деген кездейсоқ индивид, ақпарат көзі ролін атқара алады. Бұл коммуникатор-ақпаратты жіберуші адам. Коммуникант (адресат) - ақпаратты қабылдаушы адам. Коммуникация арнасы - жіберушіден қабылдаушыға ақпа- раттың жүру жолы. Адамдардың өзара қатынасқа түсуі - олардың іс-әрекетіне тікелей байланысты болады. Қажет- тілігіне қарай қатынасқан адамдар әрекеттесіп, өзара мәлімет жинастыра келе түсінушілік тудыруға тырысады. Қатынасу арқылы адам өз басының ерекшеліктерін, ой-мақсатын, басқа адамға түсіндіріп, білдіруге ықпал жасайды. Қатынасудың түрлері және даму барысы адамдардың әлеуметтік жағдайы- на, олардың қоғамдағы орнына, қоғам заңдары мен күқық ережелеріне байланысты болады. Қатынасу үрдісінде адамға тән көптеген психикалық құбылыстар қатысады. Олар арқы- лы адам, адамзат жинастырған тәжірибені тұжырымдайды, қолданады.
Медициналық қызметкер науқастармен әңгімелесу бары- сында бірте-бірте сенімді қарым-қатынас орнатуға тырысуы қажет. Коммуникацияның мұндай түрі дамушы коммуни- кация деп аталады. Коммуникация барысында күпияны (конфиденциалдықты) сақтау басты жағдай екенін медици- налық қызметкер естен шығармауы тиіс. Медициналық терминдерді қолданбауға тырысыңыз. Себебі, оны науқас түсінбеуі мүмкін және тіпті медициналық терминдерді қолдану көп жағдайда, дұрыс та емес. Сондықтан да, науқас түсінетін сөздерді қолданыңыз!
Ежелгі заманда медицина қызметкерлерінің саны аз болғандықтан олар қызметін өзі ғана атқарып, басқа
әріптестірімен қарым-қатынас жүргізбеген. Қазіргі таңда медицина қызметкерлерінің саны күрт өсті, осыған орай медициналық мамандардың саны да көбейді. Бүгінгі күні дәрігерлік жәрдем 300-ден астам медициналық мамандық бойынша көрсетіледі. Сонымен қатар, жаңа диагиостикалық және емдеу технологияларын, аппараттарды қолдануға бай- ланысты медициналық мекемелерде көптеген гехиикалық мамандар да жұмыс атқарады. Осыған байланысты бүгінгі медициналық қызметкер жұмыс барысына қарай күнделікті коптеген әріптестерімен, науқас және оның жақын туыс- тарымен тікелей қарым-қатынаста болады. Мұндай жағдайда, медициналық қызметкерінің жұмысының нәтижелілігі, ауру- ларының тағдыры, опың әріптестерімен және басқа медици- налық қызметкерлерімен Дұрыс қатынас құруына байла- нысты болады. Медициналық қызметкердің мінез-кұлқы, көңіл-күйі, шыдамдылығы, қарапайымдылығы және шын- шылдығы, қайырымдылығы т.б. қасиеттері міндетін атқаруға өте қажет және ауру адамға оң әсерін береді. Керісінше, медициналық қызметкердің шыдамсыздығы, өркөкіректігі, жеңілтек мінезділігі оның әріптестерімен қарым-қатынас құруына, медициналық ұжымда қалыпты қызмет атқаруына талай қиыншылықтар тудырады және Бұл жағдай жұмыс нәтижесін жоққа шығарады. Орта буынды медициналық қызметкер жұмыс барысында дәрігермен және кіші буынды медициналық қызметкерлермен де тығыз қатынаста болады. Дұрыс қарым-қатынас құру, тіл табысу міндеттерін бір бағытта атқаруы емдеудің нәтижесіне оң әсерін беретіні ақиқат.
Диагностикалық зерттеулер және ем шараларын жүргізуде мейірбике дәрігерге көмек көрсетіп, ол ауруға күтім шара- ларын жүргізіп, науқастың бақылауын тікелей өзі іске асы- рады. Егер дәрігер мен мейірбикенің арасында дұрыс қарым- қатынас орнамаса, тағайындалған ем шараларды мейірбике тиісті дәрежеде орындамаса емнің нәтижелі болуы екіталай.
Медициналық қызметкер мен науқас арасындағы қарым- қатынас, медициналық қызметкердің жүмысында өте маңыз- ды орын алады. Медициналық қызметкер мен науқас және оның туысқандары бір-біріне сенім тудыратын қарым-қаты- нас жасағанда ғана ем нәтижелі болуына күмәндік тумайды.