«Пресуицидальді жағдай» суицид жөніндегі ойға әкелуі мүмкін. Пресуицидальді жағдайдағы науқастың бірінші бел- гісі - белсенділіктің күрт төмендеуі, әлеуметті көзқарастың жоғалуы, медициналық қызметкерлермен және басқа нау- қастармен тіл табысуындағы қиындықтары.
Пресуицидальді сипаттағы депрессия басқа жағдайларда да көрініс береді. Мысалы, дамыған сырқат науқастың көз- деген мақсатына жетуге кедергі келтіріп, оның өмірінің мағынасы жоғалады. Емделуден үмітін үзген науқаста суици- дальді тенденция бой алуы мүмкін. Осындай жағдайда, меди-
циналық қызметкер науқаста суицидальды ынта дамуы мүм- кін екенін есепке алғаны жөн. Науқас теледидар көргісі кел- мей, газет оқымай, жаңалықтармен танысуға қызықпай, меди- циналық қызметкерлердің айтқанын пассивті орындап, қойылған сұрақтарға қысқа жауап береді. Науқас «эмбрион» қалпында сағаттар бойы бөлме қабырғасына қарап жата береді. Бірте-бірте науқастың басқа да талаптары жоғала бас- тайды: тамақ жемейді, асханаға бармайды, ұйқысы бұзылып, таңертең өте ерте тұрып үйықтай алмайды. Сонымен қатар, диспепсиялық бұзылыстар да көрініс береді мысалы, іш қату, әйелдерде менструальді цикл өзгеруі.
Айқын депрессивті жағдайға «Протопов триадасы» тән : тахикардия, іш қату, көз қарашығының кеңеюі. Осы кезеңде науқастарды суицидальді ойлар мен әрекеттер билей бастай- ды. Ойлағанын іске асыру мақсатында науқас медициналық қызметкерлерден дәрілік заттардың әсерін улану мақсатында сұрай бастайды. Депрессивті науқастар медициналық қызмет- керлерді бақылап, оған деген бақылау әлсірегенде суицидті ойын іске асыруға үмтылады. Медициналық қызметкерлер депрессивті науқастың белсенділігінің өсуі мүмкін болатын қауіптің белгісі ретінде қабылдауы керек. Сондықтан, суици- дальді әрекеттің алдын-алу мақсатында, арнайы шараларды қолданған жөн (дәрігерді ескерту, бақылауды күшейту, психотерапевт консультациясы).
Патологиялық қорқыныштары бар науқастар.Қорқы- ныш ауруға, емге, медициналық орталықтарға байланысты науқаста туатын қалыпты жағдайдағы реакция. Кейбір нау- қастарда қорқыныш сезімі стрестік жағдайлар кезінде пайда болады. Қорқыныш аурудың дамуын асқындырып жіберуі мүмкін. Сондықтан, медициналық қызметкер қорқыныштың деңгейіне аса назар аударғаны Дұрыс. Мысалы, ондай науқастар үнемі қозғыш қалыпта отырады, қолын үнемі уқалап, басын, бетін ұстай береді. Науқас күрсініп, күрғақ еріндерін жалап, дірілдеп, терлейді. Ұйқы артериясының жиі пульсациясын, жүрек соғысының жиіленуін аңғаруға болады.
Кейбір науқастар үрейленіп, сөйлей алмайтын жағдайға дейін жетеді немесе өзінің сезімін жасыру мақсатында басқа әңгіме айтуға тырысады.
Медициналық қызметкер науқастың қорқыныш сезімін анықтаған жағдайда, науқастың жан дүниесін түсіне білуі керек. Қорқыныш сезімі бой алған науқастарды медициналық қызметкер жүбатады, мысалы, «қорықпаңыз, бәрі де жақсы болады»-деп. Кейде жүбатуды ерте бастау алдағы сұрақтың дамуына теріс әсер етуі мүмкін, себебі көптеген науқастар
«қорқыныш сезімін мойындау- әлсіздік»- деп қабылдайды. Алдымен науқасты не уайымдатататынын анықтап алу қажет. Бұл - науқаста өзіне деген сенімділіктің пайда болуына септігін тигізеді. Қорқыныш сезімі сұхбаттасқаннан және лабораториялық зерттеулерден кейін түбегейлі жоғалады.