Жағдайы ауыр, емі нәтижесіз болған науқастармен қарым- қатынас жасау. Аурудың үдеп асқынуына байла- нысты кейбір жағдайларда оларды емдеу нәтиже бермейтіні медициналық қызметкерлерге мәлім. Мысалы, күрделі жүрек ақауларының соңғы сатылары цирроз, иммундық жетіспеу- шілік синдромы, обыр және т.б. Медициналық қызметкерге Бұндай ауру адаммен қарым-қатынас жасау өте қиынға түседі, себебі адам өз дерті жөніндегі сезімін «емдеу мүмкін емес»- деп түсінеді, біледі. Олар ұзақ уақыт бойы емделіп, оның нәтиже әкелмегеніне көзі жетіп, күдерін үзеді, сенімін жоғалтады.
Бұндай адамдарда невроз дамып, басқа да психологиялық бұзылыстар байқалады. Олар қиялданып ешкімге керек емес екенін сезініп, жақын туысқандарына масыл болғанын біліп, терең депрессияға түседі, суицид жасауға баруы да мүмкін. Олар дәрігерлерге, емделуге сенімін жоғалтып, емшілерге баруға ынталанып, соларды қанағат тұтады.
Сонымен қатар, Бұл адамдардың әлеуметтік, жанүялық жағдайы да қанағаттанарлықсыз, еңбектен айырылуы салда- рынан экономикалық тапшылық, т.б. проблемалары бар. Мұндай ауру адамдарға медициналық қызметкер паллиатив- тік (жағдайын жеңілдететін) ем жүргізуге мәжбүр болады.
Оларда қатты ауыру сезімі байқалған кезде дәрігер ауыру сезімін басатын дәрілер (анальгетиктер) немесе наркотиктер (рак ауруында) береді. Қосымша Бұл ауруларға симптомити- калық ем жүргізіледі; тыныштандыратын (седативтік), жүрек- тің ауыруын басатын препараттар, үйықтататын дәрілер, т.б.
Медициналық қызметкерге ауруға дерттің теріс болжамын айтуына болмайды, мұндай мәлімет тек ең жақын туысына ғана беріледі. Ауруды күтуге оның туысқандары да тарты- лады, олар дәрігермен бірге психотерапевтік көмек көрсетеді. Ал дерттің соңғы (терминалдық) сатысында науқасқа жеке күтім тағайындалып (үйінде, жақын туысқаны), дәрігердің қадағалауында болады.
Тақырып 5.4. Тілдік және мәдени ерекшеліктері бар науқастармен қарым-қатынас жасау
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда Қа- зақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады екен. Басты ұлттық топ қазақтардан басқа, елімізге орыстар, украиндер, татарлар, ұйғырлар, кәрістер, түріктер, немістер, курдтар және басқа да ұлттар қоныстаған. Қазақстанның экономика- лық өсуіне байланысты Республикамызға шетелден жұмыс- шылар көптеп келуде. Мәдениет аралық коммуникацияны
«қарым-қатынастың түрлі формаларының жиынтығы, түрлі мәдениетке жататын жеке адамдар мен топтар арасындағы қарым-қатынас» ретінде қарастыруға болады.