Бердібек соқПАҚбаев "менің атым қожа"



Pdf көрінісі
бет26/29
Дата15.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#138631
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
(pdf) Менің атым Қожа (Бердібек Соқпақбаев)

ЖИЫРМА БЕСІНШІ ТАРАУДА
Класс жиылысы сөз болады
Мен байыбына бара алмаған жұмбақтың шешуін үйге келгеннен кейін
мамам айтты:
– Балам, сен класс жетекшіңе бекер ренжисің. Майқанова маған өш, мені
жек көреді, қыр соңыма түсіп алды дегеніңнің бəрі бос сөз, – деді мамам.
Жек көрген адам педсоветте саған жаны ашып, қорғап сөйлемеген болар
еді. Ол сені жек көрмек түгіл жақсы көреді, осыны біл. Оған ұнамайтыны
сенің тентектік қылықтарың. Жасында жетімдік өмірдің тауқыметін көп
тартып, жүйкесі жұқарып өскен адам тарынғыш, ашуланшақ болады.
Сендердің əрбір жөнсіз қылықтарың оның миына инедей қадалып тұрады.
Майқанованың шыж-быж етіп ұрса жөнелетіні осы себептен. Мінезі
əлгіндей адамға сендер секілді жүгенсіз асаулармен арпалысу жеңіл
тимейді. Сен ақымақтар осыны түсінулерің, мұғалімді аяуларың керек.
Мамамның Майқанова жөнінде айтқандары маған ой салды. Шынында да,
оның менімен өш боларлықтай алты аласы, бес бересісі бар ма?
Шырылдаса, ұрысса, бізді адам болсын, жаман жолға түсіп кетпесін дейтін
шығар. Иə, мамам айтпақшы біз бала деген ақымақ халықпыз, шолақ
ойлаймыз.
Мен Майқанованың жетім өскендігін білмеуші едім. Енді оған бір түрлі
аяныш көзбен қарай бастағандаймын. Бəсе, денесі де сондай нəзік, киімі де
жұпыны, қыстан бүрсеңдеп, жұқа пальтомен шықты. Оқу бітіргеніне бір
ғана жыл болған, қайтсін енді. Сонымен тақасып, əй, Қара Қожа,
ақымақсың, шикісің əлі. Қарбызыңның ішінде судан басқа дəнеңе жоқ.
Менің Майқанова жөніндегі пікірімнің оңы – сол, солы – оң болып өзгере
бастады.
– Педсовет, педсовет немен тынды?
– Сабыр ет, оқушым, қазір айтып берем. Педсоветтің тиянағы мынадай:
Қадыров жөніндегі мəселе класс жиналысында қаралсын. Егер алтыншы


класс оқушылары Қадыров Қожаның бұдан былай ешқандай тəртіпсіздік
істемеймін, түзелемін деген уəдесіне сеніп, дирекция алдында кепілдік
беретін болса, онда Қадыров осы мектепте сынға қалдырылсын. Ал егер
олар ондай кепілдік бермесе, Қадыров Қожа осы аудандағы өзге
мектептердің біріне ауыстырылсын.
Педсоветтің мен жөніндегі қаулысы осындай.
Класс жиналысы дүйсенбі күні сабақ соңынан шақырылды. Ахметов өзі де
қатысты. Жиылысты ашып, басқарған Майқанова. Ол оқушыларды
педсоветтің қаулысымен таныстырды. Сонан соң мені алға шығарды да:
– Мына жолдастарыңа не айтасың? – деді.
Не айтушы едім, педсоветте айтқанымды мұнда да қайталадым: ең соңғы
рет кешіріңіздер. Бұдан былай тəртіпсіздік істесем, не шара
қолдансаңыздар да ризамын, – дедім.
Бұдан соң сөз оқушыларға берілді.
Класта кім маған дос, кім қас – өзіме аян. Кім не айтуы мүмкін екенін күн
ілгері топшылаймын. Соным, негізінен, тура шықты. Класком Темір
сөйлеп, əуелі мені сынап алды да, сөзінің соңында түзеледі деген сенім
білдірді.
– Егер біз Қадыровты бұл мектептен шығаратын болсақ, онда біз кім
болғанымыз? Оған осы отырған бəріміздің ешқандай ықпал жасай
алмағанымыз ба? Жоқ əлде жолдасқа жаны ашымайтын тасбауыр бол-
ғанымыз ба? – деді Темір. Сөздері кітап сөзіндей мығым, əсерлі шықты.
– Біз Қадыровты тəрбиелеуіміз керек, менің ұсынысым оған ең соңғы рет
қатты сөгіс берілсін. Мектепке қалдырылсын, – деді Темір.
Бұдан кейін үш-төрт адам сөйлеп еді. Бəрінің сөз сарыны осыған сайды.
Темір оларға жол сызып, арна тартып кеткен тəрізді.
«Іс оңына басты» деген оймен мен жадырап сала бердім.
Тағы кімнің сөйлегісі келеді.


– Мен.
Қол көтерген Жантас еді.
Жантас орнынан түрегеле беріп, сампылдай жөнелді: – Қадыровты оқудан
шығару керек. Ол уəдесін бергенмен орындамайды, былтыр да талай рет
уəде берген. Майқанова апайды шошытып, өлтіріп қоя жаздады... Ол... ол...
қыздарға хат жазады...
Соңғы сөз менің жүрегімді қақ айырып тіліп түскендей болды. Бүкіл класс
мені жаңа көргендей ақтарыла маған қарап қалыпты. Не істерімді
білместен дуылдап, өртеніп бара жатырмын.
– Қай қызға хат жазады? – деп сұрады Майқанова.
– Білмеймін... Басына «Ж» деген əріп қойып, «екеуіміз Қозы Көрпеш пен
Баян сұлудай болайық» деп, жазып отырған.
Мен есімді жаңа жинап:
– Өтірік! – деп, дауыстап жібердім.
– Өтірік емей-ақ, рас. Əнеугүні сабақ үстінде, партаның астына жасырып
жазып отырғансың.
– Өтірік!
Мен Жанарға жазған хатымның бірін Жантас қу қолына түсіріп алған екен
ғой деп, шошып едім. Олай болмағанға «уһ» деп, өзіме өзім келгендей
болдым. Жанар жаққа көз тастап едім, оның жүзін байқай алмадым,
маңдайын қос қолдап таянған қалпы төмен қарап отыр.
Абиыр болғанда, хат жайына ешкім мəн бермеді. Сірə, өсекші Жантастың
тағы бір зу еткізгені деп ойлап қалса керек.
– Тағы кім сөйлейді? – деді Майқанова. Басқа сөйлеуші болмады.
Ақыры мəселе дауысқа салынды.
– Бірінші ұсыныс: Қадыров мектептен шығарылмасын. Ең соңғы қатты


сөгіс беріліп, қалдырылсын!
Көпшілік.
– Екінші ұсыныс: Қадыров мектептен шығарылсын! Бір ғана адам қол
көтерді, ол – Жантас.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет